Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Бейбіт Сейдуалиева: Орысша оқыдым, әндерімнің мағынасын анам түсіндіріп беретін

Тоқтар Серіков әлі күнге дейін жары Бейбітті Борби деп атайды. Оның да өз себебі бар. Бір кездері орысша оқыған сүйіктісіне Серіков орысшалап жылы сөз айтқысы келген. Сөйтіп танымал “Барби” қуыршағына теңеймін деп Бейбітті Борби деп атаған.

Бұл туралы Бейбіт Сейдуалиева Zhuldyz.tv арнасының “Сенбілік серуен бағдарламасында айтты, деп жазады Stan.kz

“Менің ата-анам балалардың ішінен мені ғана орыс мектебіне берді. Ол кезде заман сондай болды. Тіл білсін деді, сән болды. Қазір ағылшынша ғой бәрі, ол кезде орысша еді. Тіпті, Тоқтармен танысқан кезде шала-пұла қазақша сөйлеймін. Үйдегілердің бәрі қазақша түсінбей қалсам, орысша түсіндіріп жатады. Жоғары педагогикалық оқу орнына түскен кезде орыс факультеті болмады, қазақ факультетіне тапсырдым. Мен тура ағылшын тілін үйренгендей болдым. Құдай өзі кешірсін, бұл мақтаныш емес, сондай бір қиналған сәттерім. Бірақ жақсы алып кеттім, үйренуге тырыстым”, – деп бөлісті Бейбіт Сейдуалиева.

Ана тіліне шорқақ болған әншіге өз әндерінің мағынасын анасы түсіндіріп беріп отырған.

“Тоқтар осындай әндерді айта тұра, қалай қазақша білмейсің деп ренжитін. Менің анам аудармашым. Менің барлық әнімді түсіндіріп, кино ұқсап түсіндіріп береді. Содан мен бәрін жаттаймын, ұғамын, жүрегімнің бір жеріне сақтап алатынмын. Содан орыс мектебінде оқығанымды естіп таңғалатын. Енді қазір сенсеңіз, орысша сөйлеуден қалдым. Өйткені үйдің бәрі, айналаның бәрі қазақша”, – деп түсіндірді Бейбіт.

Жіберіп алмаңыз:

Мұхтар Шаханов: Халықты мағынасыз әнге тойдырып, Гитлердің арманын орындап жатырмыз

Меруерт Түсіпбаева: Ешкімге де тоқал болмаймын

Гүлзира Айдарбекова алғаш рет немересін көрсетті

Лидия Кәденованың келіні әнші Бүркітпен көңіл қосқан ба?

Талқылау