Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Бейбіт Қошқалиев: Ислам біздің сүйікті Пайғамбар арқылы әйел мәртебесін 1400 жыл бұрын қойып кеткен

Әнші Бейбіт Қошқалиев әйел құқығы мен оның исламдағы рөлі туралы айтты. Бұрын әйелді адам көрмеген батыстықтар әйел мәртебесі туралы сөз қозғап жүр дегенді айтады. Ал әйелді құрметтеу, еркекпен тең көру исламнан басталады дейді әнші.

"1930 жылдар. Батыс Бенгалия (Индия). Бізге (қазір) цивилизация, әйелдің құқығы мен феминизм туралы ақыл үйретіп жүрген ағылшынның бенгал әйелінің үстінде көлік қылып отырған сәті.

Шынында Ислам біздің сүйікті Пайғамбар арқылы әйел жұртының мәртебесін, құқығын 1400 жыл бұрын қойып кеткен ғой.

Маған Пайғамбардың “әйел, қызды үйде қамап, білім бермеңдер, білімді тек еркек алу керек” деген бір хадис, аят алып келе аласыз ба? Жоқ! Себебі Исламда ондай жоқ. Ислам “білім алу - парыз” деді. Яғни, еркек пен әйелге бірдей парыз деген сөз. Шәкәрім атамыз айтқандай: “Дін - ғылымның атасы”. Яғни, дін адамның рухани дамуына, ал математика, физика, география, спорт және тағы басқа ғылым адам өмірінің дұрыс кемелденуіне көмек беретін ғылымдар. Ислам - адамды тек шариғатпен емес материалды білімді де қатар алып жүруге шақырады. Осыны дұрыс түсінсек", - деп жазды әнші. 

Елімізде әйел құқығын алға тартып, әйел мен ер азамат тең құқылы болу керек деген мақсаттағы шеру, науқандар өткені белгілі. Бірқатар қоғам белсенділер, әншілер бұл тақырыпта өз ойын білдірді. Әйел құқығы туралы ақылы тренингтер мен дәрістер көбейіп кетті. Бұл ретті Бейбіт Қошқалиев ілімді шетелден емес, исламнан табуға болады деген пікірде. 

"Мәні терең жазба үшін рахмет", "Иә, шынында дұрыс айтасыз!", "Мұны "біреулер" бұрмалап айтып жүр ғой", "Исламда бәрі қамтылған, тек оны әр ағымға бұрып кететіндер өкінішті", "Дінімізде әйелді ешқашан кемсітпейді, керісінше құрметтеуге үндейді", - деді желідегілер.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр