Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Салафит болуға насихаттайтын": Танымал блогердің экс-күйеуі бұрынғы әйелін 20 миллион теңгесін жымқырып кетті деп айыптады

Блогер Үміт Мұхитова мен кәсіпкер Аян Сейітхан 2022 жылдың 5 қарашасында дүбірлетіп той өткізген болатын. Дегенмен екеуінің отбасылық қуанышы ұзаққа созыла қоймады. Жұбайлардың ажырасқанын желі қолданушылары сезіп, артынша екеуі мұны растады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі "Астарлы ақиқат" бағдарламасына сілтеме жасап хабарлайды.

Фото: “Астарлы ақиқат” бағдарламасынан алынды

Блогер Үміт Мұхитованың айтуынша, шаңырағының шайқалуына күйеуінің желіде басқа қыздармен сөйлесуі және мәһір мәселесі себеп болған. 

"Еркек жазды, сөйлесті. Кінә еркектен. Анық сенімді емеспін. Дәлел жоқ қолымда. Бірақ басқа қыздармен хат алмасқанын көзіммен көргенмін. Мәһір деген еркектің міндеті. Бұл жерде 20 миллионды ұрлап кетті деп қалай арыз жазып тұрғанын түсінбедім", - деді блогер. 

Ал Аянның сөзінше алмаған сыйын сылтауратып, келіншегі оны тонап кеткен. Ажырасудың астарында мүлде басқа жәйттер жатыр деген ол, көп уақыт жұрттың сынына ілігіп, хейттен бас көтере алмай қалған. Тіпті өсек пен келіннің кінәлауларын көтере алмай қыркүйек айында әкем бақилық болды дейді.

"Үйден кетерінде 20 миллион теңге ұрлап кетті. Ол 20 миллион толыққанды менікі емес еді. Өте иманды байғұс, бишара қызды мен екіқабат қылып тастап кетіп, ақша да бермей, қиянат жасаған сияқты көрсетіп қойды. Умка "құрбан", мен "абьюзер" сияқты болып қалдым. Хейт жазғанда өшіріп, бұғаттап тастадым. Хейт маған ғана емес, әкеме де келді. Менің әкем өмірбақи қой баққан. Өзінің қойшы ауылы, 500-дің үстінде қойы бар. Қыс бойы оны көбейтеді, жаз бойы егінмен айналысады. Бұл ұрпақтан ұрпаққа келе жатқан кәсіп. Әкемді жан жаққа алып шыққым келді, бірақ ол 100 пайыз жұмысын біреуге сеніп тапсырмайтын. Былтыр УМРА-ға апарғым келді, бірақ сәті түспеді. Сосын биыл жаңа жылда УМРА-ға бару керек болғанбыз. Бірақ оған жете алмадық", - деді Аян. 

Кәсіпкер Аян Сейітханның сөзінше орамалымен көптің сеніміне кірген келіншегінің шын бейнесі басқа.

"Олардың адасқан діни ағымын ұстанбағаным үшін қызын алып кетті. Менің Үмітпен қосылуым үшін сол діни ағымды ұстануыма шарт қойды. Менде қызға үш-ақ талап болды. Бірінші, иманды болуы, яғни хиджаб кисе иманды деп ойлайтынмын. Екінші, таза қазақ болса дедім. Үшінші, өміріміздің соңына дейін бірге боламыз. Алматыда "Құранға қызмет" деген қайырымдылық қоры бар. Медресе соғады олар. Умканы медресенің ашылуына сбор ашу үшін шақыратын болды. Маркетолог ретінде блогерлердің айтатын сөзінің мәтінін мен дайындап беретінмін. Умканы әуежайдан күтіп алып, сол кезде жақын таныса бастадық. Ол Құранда 30 пара бар, соның 15 парасын жатқа білемін, Аль-Азхарда үш жыл білім алып келдім деді. Содан кейін оған бүйрегім бұра бастады. Себебі фикх пен ақидадан білім алып келсе, әйелдік міндеттерін жақсы біледі. Екінші күні өмірлік мақсатың не? - деген сұрақ қойдым. Ол, "жасарымды жасадым, енді тыныш өмірді қалаймын. Көпшіліктің ортасында жүріп шаршадым" деді. Сосын осы қызды аламын деп шештім", - деді кәсіпкер. 

Фото: “Астарлы ақиқат” бағдарламасынан алынды

Алайда кәсіпкер жігіт блогер қызға үйленгенімен, той күні үлкен дау шығып, Үміттің ата-анасы беташар өткізуге тыйым салғанын жеткізді. 

"Умка үйіндегілерге "Аянды салафит етемін деп" ант беріп шыққан екен. Мамасы өмірбақи салафит болмаймын дегеніме таңданып қалды. Анасы тойдың үстінде үлкен жанжал шығарып, беташар істеуімізге қарсы болды. "Умка сәлем салуға 100 пайыз қарсы. Мүлде сәлем салмайды. Алланың алдында ғана иіледі. Басқа ешкімнің алдында иілмейді" деді. Умканың әкесі жағы түгел адасып кеткен. Бір күні үйге Үміттің анасы келді. Бірақ маған анасының келгені ұнамады. Себебі мені салафит болуға насихаттайтын. Алайда ол маған ұнамаушы еді. Мұны анасына ашып айттым. Сосын мамасы Умкаға "саған салафит болмаймын деп ашықтан ашық айтып отыр, ажырасуға бұдан асқан қандай себеп керек" деп айтты. Алайда мен өлгенше Әбу Ханифа мазһабында боламын, балам да сол мазһабты ұстанады дедім. Сосын мамасы Үмітке балаңды маған бер, саған салафит жігіт тауып беремін, әрі қарай тұрмысқа шығып кете бересің. Не уайымдап тұрсың деп ашығын айтты", - деді кәсіпкер Аян Сейітхан. 

Алайда жігіттің пікірімен келіспейтін блогер Үміт Мұхитова Аянды менің оқырмандарымды, танымалдығымды пайдаланып, үстімнен ақша тапты деп кінәлап отыр. 

Талқылау