Диетолог тәттіден бас тартудың оңай жолын айтты
Қант пен тәттіден бас тартып, дұрыс тамақтануды әдетке айналдыру көп адамның қолынана келе бермейді. Алайда мүмкін емес нәрсе жоқ. Диетолог, медицина ғылымдарының докторы Марият Мухинаның айтуынша, құрамында хром бар өнімдер тәттіге құмарлықты жеңуге көмектеседі. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі “Москва 24” порталына сілтеме жасап хабарлайды.
Фото:pixabay.com
Диетолог маман күнделікті тамақтану рационына түрлі дәнді дақылдарды, жаңғақтар, ірімшік, жұмыртқа, брокколи, қызанақ, алмұрт, сондай-ақ сиыр еті, тауық еті және барлық жануарлардың бауырын қосуға кеңес береді.
Күнделікті пайдаланып жүрген қантты табиғи жеміс-жидектер, құрма, інжір, кептірілген өрік, қара өрік, цукат (қант қосылған жеміс не болмаса жемістің қабығы) сияқты пайдалы тәттілермен алмастыруға болады.
Маман аз мөлшерде күніне бес рет тамақтануға кеңес береді. Айтуынша, бұл әдіс қанның құрамындағы қантты төмендетпей, тәттіге деген құмарлықты тежейді.
Бұған дейін диетолог кәрілікті тежейтін өнімдер туралы айтқан болатын. Сондай-ақ балалардың суретін не себепті әлеуметтік желіге жүктеуге болмайтынын біле жүріңіз.
"Әскерден келген соң үйленеміз деп еді": Каспийде қаза тапқан сарбаздардың жақындары жанайқайын жеткізді
Жанардың айтуынша, отбасы Олжасты қуанышпен күтіп отырған
"Алдымен үйленейік, кейін Сирияға барайық": Бейтаныс адамдар әлеуметтік желі арқылы қазақстандықтарды қалай арбайды
Әлеуметтік желіде ер адамға Сирияға барып соғысуды ұсынған