Бес күн бұрын той жасаған: Дағыстанда квесттегі өрттен аман қалған адам жағдайдың қалай болғанын айтып берді
Дағыстанда Махачкалағы қорқынышты квесттегі өрттен аман қалған Саидт пікір білдіріп, қайғылы оқиғаның қалай болғанын айтып берді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі SHOT басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Фото: t.me/official_atypical/25451 / Қаза болған Асият пен Мәдина
20 жастағы Саид өрт басталған кезде досы екеуі бөлменің басқа бөлігінде, ал қыздар қайғылы оқиға болған жерде сол жерде болғанын айтты. Бәрі түтінге оранған кезде досы бірінші болып жол тауып, Саидқа оның даусына еріп жүр деп айғайлады. Жігіт досының арқасында қашып құтылған. Өрт кезінде ішіндегі қыздарды табу мүмкін болмапты.
Абсолютті түтіннен бөлек, бөлменің лабиринттей реттелгені жағдайды қиындата түскен.
Сыртқа жүгіріп шыққаннан кейін Саид квест аниматорын – Шамильді көрген. Оның айтуынша, противогаз киген Шамиль де өртті сөндіруге тырысқанымен, жалын 15 секундта бүкіл аумақты тез шарпып өткен.
Төтенше жағдайлар министрлігінің қызметкерлері қыздарды қызыл жалыннан алын шыққанымен, зардап шеккендер кейін ауруханада көз жұмды. 20 жастағы Саид бес күн бұрын тұрмысқа шыққан 19 жастағы әйелі Асияттан айырылды.
Еске салайық, бұған дейін Махачкалада квестте өрт шығып, екі әйел мерт болғанын жазған едік. Тергеу мәліметінше, 22 шілде күні сағат 02:00 шамасында Расул Ғамзатов көшесіндегі квест бөлмесінде "ойын сеансы кезінде бензин" тұтанып, өрт шыққан. Дағыстанның тергеу комитеті қауіпсіздік талаптарына сай келмейтін қызмет көрсету бабы бойынша қылмыстық іс қозғады. Дағыстан Денсаулық сақтау министрлігі квестке келушілердің бірі көмірқышқыл газынан уланып, екіншісі күйіктен қайтыс болғанын хабарлады. Қаза тапқандар 19 жастағы Асият пен 25 жастағы Мәдина. 21 жастағы Саид есімді азаматтың денесінің 50%-ын күйік шалып, ауруханаға түсті.