Берульцева Дүниежүзілік каратэ ойындарында алтын жеңіп алды
Каратэ бойынша Қазақстан командасының өкілі Софья Берульцева Бирмингемде өткен 2022 жылғы Дүниежүзілік ойындардың жеңімпазы атанды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Жарысқа әлемнің ең мықты деген 96 спортшысы қатысты. Отандасымыз 68 келіден жоғары салмақ дәрежесінде алтын медаль жеңіп алды.
Финалда Берульцева Испаниядан келген Мария Торрес Гарсияны жеңді.
Айта кетейік, бұған дейін қазақстандық теннисші Елена Рыбакинаның "Уимблдон" финалында жеңіске жеткенін хабарлаған едік. Финалда Рыбакина әлемнің екінші ракеткасы Онс Жаберді жеңген.
Қазақстанда киіз үй бағасы 200 мыңнан 1,8 миллион теңгеге дейін: Оны кімдер сатып алады?
"Өзін құрбан ету үшін "айналайын" деп дауыстаған": Қазақтың қандай салт-дәстүрі мен ұғымдары ұмыт болды
Тарихшы: "Ауру адамды киіз үйдің ортасына жатқызып, қарт кісі үш рет айналып, есікке келгенде “айналайын” деп дауыстайды"

