Бергей Рысқалиев пен Аслан Мусин Лондонда көзге түсті
Атырау облысының бұрынғы әкімі Бергей Рысқалиев пен президент әкімшілігінің бұрынғы басшысы Аслан Мусин Лондондағы сәнді Burberry киім дүкенінің алдында суретке түскен. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: azh.kz
Белгілі болғандай, қазіргі таңда облыстың экс-басшысы Ұлыбритания астанасында тұрады. Ал Мусин Черногория азаматтығын алып, Еуропаға қоныстанған.
- "Бағасы екі миллион теңгеден асады": Назарбаевтың немересі Калифорниядағы гольф клубында көзге түсті
Еске салайық, 2013 жылы Бергей Рысқалиевке "бюджет қаражатын ұрлады және ұйымдасқан қылмыстық топ құрды" деген айып тағылған болатын. Тергеу бес жылға созылды, 2019 жылы Қазақстан соты Бергей Рысқалиевті сырттай 17 жылға, оның ағасы Аманжан Рысқалиевті 16 жылға бас бостандығынан айыру жазасына кесіп, мүлкін тәркілеген. Алайда 2020 жылы сот олардың отбасынан тәркіленген мүліктің бір бөлігін қайтару туралы шешім қабылдады.
2023 жылдың қазан айында 85 жасында Рысқалиевтердің анасы Мәдениет Нәсиқызы қайтыс болды. Ал 2017 жылдың қаңтарында Аслан Мусин зейнеткерлік жасқа толуына байланысты қызметінен босатылды.