Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Бағасы екі миллион теңгеден асады": Назарбаевтың немересі Калифорниядағы гольф клубында көзге түсті

Тұңғыш президент Нұрсұлтан Назарбаевтың немересі Нұрәлі Әлиев Instagram парақшасына Калифорниядағы (АҚШ) гольф клубында түскен суреттерін жариялады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: Nurali Aliyev Instagram парақшасынан

"Барлығына ойын үшін рахмет! Half Moon Bay – ең эпикалық гольф алаңдарының бірі", – деп жазды Әлиев. 

Ал пост астындағы пікірлер жабық.

Осы гольф клубының жанындағы бір адамға арналған қонақүй бөлмесінің бағасы екі миллион теңгеден (бес түн) асады.

Forbes нұсқасы бойынша Әлиев Қазақстандағы ең бай 50 бизнесменнің бірі (2023 жылғы мамырдағы деректер). Ол – Дариға Назарбаева мен марқұм Рахат Әлиевтің ұлы.

Айта кетейік, бұған дейін Нұрсұлтан Назарбаевтың інісі Болатпен түскен суреті жарияланған болатын. 

Сондай-ақ Болат Назарбаевтың ауыр жағдайда Алматы қаласының Орталық клиникалық ауруханасына жатқызылғаны хабарланған еді. Ол 3 қараша, жұма күні кешке миокард инфарктінің қайталануы деген диагнозбен орталық қалалық клиникалық ауруханасына шұғыл жеткізілген.

Талқылау