Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Желіде экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевтың арбадағы інісіне барған суреті тарады

Желіде экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевтың інісі Болат Назарбаевпен түскен суреті тарап жатыр. Суреттен Болат Назарбаевтың арбада отырғанын байқауға болады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Суреттің қай жерде және қашан түсірілгені белгісіз. Бір қызығы, сурет Болат Назарбаевтың ауруханаға түскені туралы хабардан кейін тарады. 

Айта кетейік, бұған дейін Болат Назарбаевтың миокард инфарктісінің қайталануымен Алматының Орталық клиникалық ауруханасына жеткізілгені хабарланған болатын. Кейіннен орталық клиникалық аурухана оның ауруханаға жатқызылғанын растады. Дегенмен мекеме “медициналық құпия” деп науқастың жағдайы мен диагнозын айтудан бас тартты.

Сондай-ақ желіде экс-президенттің інісінің жағдайы тұрақсыз деп бағаланып, өмір мен өлім арасында екені айтылған еді.



Тұңғыш президенттің бауырының жағдайы туралы қауесет желіде бұрыннан таралып жүр. Тіпті Болат Назарбаевтың көз жұмғаны және жасырын жерлеуін өткізу жоспарланғаны туралы ақпарат болған. Бірақ әр жолы тұңғыш президенттің айналасындағылар ақпаратты жоққа шығарып отырды. Кейбір деректер бойынша Болат Назарбаевқа Алматының, Германияның және Израильдің клиникаларында көптеген ота жасалған. 

Талқылау