Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Bereke Bank Women in Tech Global-дың ресми серіктесі атанды

Bereke Bank Women in Tech Global ұйымымен серіктестік туралы келісімге қол қойды және Осака қаласында (Жапония) өтетін "Women in Tech Global" саммитіне қатысатын қазақстандық делегацияның ресми демеушісі атанды. 60 астам мемлекеттің мамандары бас қосатын саммитке қатысу қазақстандықтардың технология саласындағы жетістіктерін көрсетудің бірегей мүмкіндігі болмақ.

"Bereke Bank қазақстандық әйелдерге білім беру арқылы және олардың  технологиялық жобаларды дамытудағы мүмкіндіктерін кеңейту арқылы қоғамымыздың дамуына өз үлесін қосатынына сенімді. Біздің қыздарымыз өте талантты және өз кәсіпкерліктерінің жолында табысты екені жасырын емес. Бүгінде олар өз start up жобаларын жасап, нарықтарды бағындыруда. Біз Woman in Tech-тің бастамаларын қолдаймыз және қазақстандық әйелдердің делегациясына технологиялардағы жаһандық көшбасшылардың қатарына қосылуға және өз жобаларын көрсетуге, көкжиектерін кеңейтуге және болашақ инновацияларды бағындыруда үлкен сеніммен баруға мүмкіндік береміз", - деді өз сөзінде "Bereke Bank" АҚ Басқарма төрағасының орынбасары Алина Аникина.

Қазақстандық делегацияға демеу болу бұл ынтымақтастықтың бірінші кезеңі ғана, алдағы жоспарларда қыздарды қаржы, ИТ-технологияларда жаңа дағдыларды игерудегі және цифрлық жобаларды дамыту бағытында Women in Tech Global Қазақстанмен бірігіп, жұмыс жасау.  

"Біз Bereke Bank-ті жаңа серіктестеріміздің қатарында көргенімізге қуаныштымыз. Біздің ынтымақтастығымыз – көптеген әйелдерді Қазақстан мен Орталық Азиядағы технологиялар мен инновацияларда табысқа жетуге шабыттандыру жолындағы  миссиямызды орындаудағы маңызды қадам", - деді Women in Tech Global-дың негізін қалаушысы, президенті және бас директоры Аюми Мур Аоки.

Women in Tech Global  - бұл гендерлік алшақтықты жоюға және әйелдерге әртүрлі салаларға, соның ішінде: IT-технологиялар, қаржы, инженерлік және ғылыми салаларға қатысуға әрі белсенді түрде дамуға көмектесуге бағытталған халықаралық коммерциялық емес ұйым. Ұйым жұмысының негізгі бағыттары білім беру, бизнес, цифрлық инклюзия, тең мүмкіндіктерді қорғау мен соны насихаттау болып табылады.

Қазақстандық чаптер 2024 жылғы қыркүйекте ашылған. Women in Tech-ке қосылу үшін платформасында тіркелу қажет.

"Қазақстандық чаптар мықты кәсіпқой мамандарды, тәуелсіз және талантты әйел көшбасшыларды дамытуға және тәрбиелеуге көмектеседі. Біз қазақстандық әйелдер жаңа білім мен дағдыларды алатын, тәжірибе алмасатын және басқа қатысушылармен бірлескен жобалар мен ынтымақтастықтар үшін мүмкіндіктер алатын күшті және қолдаушы қоғамдастық құруды жоспарлап отырмыз", - деп, өз ойымен Women in Tech Kazakhstan Chapter-дің директоры Әсем Болатжан бөлісті.

Bereke Bank жаңа құзыреттерді, өнімді әзірлеудің икемді әдістерін дамытуға айтарлықтай күш салатынын және нарықта алғашқылардың бірі болып SAFe операциялық моделі бойынша толық жұмыс істейтінін атап өткен жөн. Банк көптеген бағыттар бойынша сертификатталған сарапшыларға ие, олар өз білімдерімен компания ішінде, сондай-ақ нарықта да бөлісіп, жаңа құзыреттерді игеруге көмектесуде.

Талқылау