Санжар Боқаевты қамауда ұстау мерзімі тағы бір айға ұзартылды
Белсенді Санжар Боқаевты қамауда ұстау мерзімі тағы бір айға ұзартылды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Қоғам белсендісінің адвокаты Радмир Утеповтың айтуынша, Боқаевты қамауда ұстау мерзімі 18 маусымға дейін ұзартылған.
"Бүгін, өкінішке қарай, Алматы қаласының тергеу соты біздің қорғауымыздағы Боқаев Санжар Омарұлының қамауда ұстау мерзімін 2026 жылдың 18 маусымына дейін ұзартты", – дейді заңгер.

Еске салсақ, Санжар Боқаев 2026 жылдың 18 наурызында Алматыда ұсталған еді. Бас прокуратураның мәліметінше, Санжар Боқаев ұлттық компанияда жұмыс істеген кезінде ірі көлемде алаяқтық жасады деген күдікке ілінген.
Тұтқындарды босату бойынша ел тарихындағы алғашқы операция: Өлім жазасына кесілген қылмыскерлер бүтін автобусты қалай басып алды
Операция болған кезде Қазақстан тәуелсіздік алғанына бірнеше ай ғана болған
"Алты жыл күттік": Қазақстандық оқушылар Илон Масктың зымыранымен ұшырылған жерсерікті қалай жасап шығарды
Жерсерікті жасаудың қызығы мен қиындығын жоба жетекшісінен сұрадық