Белі жоқ, даусы жуан, түрі қорқынышты: Сара Амангелді өзіне сын айтқандарға өкпелі

КешYou тобының экс-әншісі Сара Амангелді отандық телехикаяда басты рөлде ойнаған еді. Алайда оған актерлік шеберлігінен бастап, сырт келбетіне дейін түрлі сындар айтылуда. Мұны бикештің өзі де жасырмайды. Ауыр пікірлерден кейін «жүрегім ауырып қалады» дейді ол, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігінің тілшісі.

Сара Амангелді

Сара Амангелдінің сөзінше, «Келінжан» телехикаясындағы рөлінен кейін өзіне айтылатын сындар легі артқан. Өз сөзінде ол аталған туындыдағы рөлі кино саласындағы алғашқы тәжірибесі екенін атап өтті.

«Кемшіліктердің бар екенін өзім де жақсы білемін. Кәсіби актерлердің қатарында ойнаудың өзі мен үшін өте қиын да қызықты болды. Сынды көтере аламын. Бірақ өтініш, менің жеке басыма қатысты жаман сөздер жазбаңыздаршы. Дөрекі, белі жоқ, даусы жуан, түрі қорқынышты деген сияқты. Жүрегім ауырып қалады. Менің жаратылысым сондай», – деп жазды ол  Instagram-да.

Сара Амангелді

Айта кетсек, Сара Амангелді Гүлнұр Мамасарипова продюсерлік еткен отандық «Келінжан» телехикаясында басты рөл сомдады. Телехикая 14 қаңтардан бері көпшілік назарына ұсынылып келеді.

Қазақстандық жұлдыздардың өмірі жайлы t.me/kzshow арнамыздан оқыңыздар.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр