Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Бельгиялық келіншек Жәнібекті асырап алу үшін делдалға 12 мың доллар төлеген

Қазақстанда биологиялық анасын іздеп жүрген Жәнібек Савельев бельгиялық анасы Валериямен сұхбаттасып, желідегі оқырмандарының сұрақтарына жауап алды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото видеодан алынды

"Арқалықтағы балалар үйімен Бельгияда танысқан келінім арқылы хабарластым. Балалар үйі асырап алу үшін сізді ұсынды. Қазақстанға келмес бұрын Бельгияда жүргенімде Жәнібектің жалғыз суретін алдым. Содан Арқалыққа келдім. Балалар үйіне бардым, Жәнібектің суретін көрсем де танымайтындай кейіп таныттым", – дейді Валерия.

Айтуынша, ол алғаш Бельгиядан Алматыға келген. Содан Астанаға барып, артынша екі жігіт оны Арқалыққа көлікпен алып келген.

“Баланың тұратын қаласын таңдау мүмкіндігі болмады. Бірақ  2-3 жастан үлкен емес ұл бала болғанын қалайтынын айттым”, – дейді ол. 

Ол Жәнібекті асырап алу үшін 12 мың доллар төлегенін айтады. Ол Америкадан келген иммигранттар 20 мыңнан төлегенін айтты.

”Мен ақшаны Арқалық қаласында ағылшынша сөйлей алатын жалғыз адамға бердім. Ол балалар үйінің жанында тұратын. Кейін Жәнібек 12-13 жасқа толғанша мен ол әйелмен байланыспадым. Кейін поштадан хат жаздым. Мен оны агенттік арқылы емес, делдал арқылы асырап алдым”, – дейді келіншек. 

Барлық құжатты дайындау үшін ол Қазақстанда екі ай болған.

Еске салсақ, Бельгиялықтар асырап алған Жәнібектің анасы болар деген 14 болжамды әйел мен 1 ер адамнан анализ алынған.

Талқылау