Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

2 жылдан соң өзгемен бақытты болады: Нумеролог Ақбота мен Дәуреннің не себепті ажырасқанын айтты

Дәурен мен Ақбота ресми түрде ажырасқандарын айтты. Оған не себеп болғанын біле алмай тыңдармандары алаңдаулы. Бұл туралы белгілі нумеролог Клара Күзденбаева айтты.

Ақбота мен Дәурен

Нумерологтің пікірінше, Дәурен Ақботаның азаматы емес. Олар жарасымды жұп болғанымен ұзақ уақыт бірге бола алмайды, деп хабарлады "Опмай-опмай" бағдарламасында.

"Олар бір жағынан бірге тұра алды. Бірақ ұзаққа барған жоқ. Кез келген ара қатынас - ол энергияныі алмасуы. Олар энергиялық тұрғыда алғанда бір-біріне сай келеді, алайда рухани жағынан әр түрлі. Физикалық түрғыда да әр түрлі жолда. Энергия жағынан бір-бірін толықтырғанымен, тағдырында 4 саны жоқ. Бұл олардың қатынасына әсер етеді", - деді ол.

Клара ханым Ақботаға еш мұңаймай, тек алға өрлей беруге кеңес берді. Себебі оның сандары сәттілік әкелетініне нумеролог сенімді. 



"Ақбота тәулік бойы еңбек ете алады. Ол жағынан мақтауға болады. Ол кәсіпкер де бола алады. Бірақ оған тәжірибе мен қулық жетіспейді. Оның бар болмысы жүзінен көрініп тұрады. Ешкімді алдай алмайды. Өтірік айта алмайды. Оған алдымен мансабын қолға алу керек. Мансабы жоғарылаған сайын өміріне махаббат келеді. Оның нағыз тұрмыс құратын шағы 26-27 жасы. Сол кезде бақытты неке құрады. Ал, Дәурен оның азаматы емес", - деді нумеролог.

Қазір Ақботаның жасы 25-те. Алда не күтіп тұрғанын білмеймін, өмірдің сынағын басымнан өткеріп жатырмын деген әнші ажырасу мәселесін талқыламайтынын ашып айтты. Дәурен де осындай жауап берген еді. Олардың не себепті ажырасқандары тыңдармандары үшін әлі де жұмбақ. 

Талқылау