Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жылап қалды: Ақбота Сейітмағамбет жігіттерге алданды (видео)

Ақбота Сейітмағамбетке пранк жасалды. Ойда-жоқта қызыл төбелестің куәсі болған әнші есі шыға жылады. Бұл сәтті бірге тамашалаңыздар. 

Оқиға барысы Хан алдар арнасында жария болды. 

Ақботаны алдау операциясына құрбысы Даяна мен оның күйеуі Ербол көмектесті.

Оқиғаның қысқаша мазмұны түсіндіре кетейік. Ақбота Ербол мен Даянаны өз көлігімен үйіне алып келеді. Достар өзара шай ішіп, қонақ болмақ еді. Бір сәтте көлікте торттың ұмыт қалғанын сылтау етіп Ербол сыртқа шығып кетеді. Бұл сәтте жігіттер Ақботаның көлігін дәл сондай көлікпен ауыстырып, көлік нөмірін тағып қояды. 

Ербол Ақботаға хабарласып, көлігіне әлдекімдердің тиісіп жатқанын айтады. Жүгіре шыққан Ақбота мен құрбысы нағыз төбелестің куәсі болды. 

Бұл сәтте жігіттер Ерболды ұрып, мұрнының қанын ағызған. Екі жігіт Ерболды жабыла ұрады. Темірмен көліктің терезесін сындырады. Ақбота мен Даяна оларға араша түспек болады. Ақбота жігіттерге қол ала жүгіреді. Айқайлап ұрыса бастады. Осыдан соң мұның пранк екенін айтты. 

Алғашында мұндай әзілді көтере алмаған әнші әбден ұрысып алды. 

"Осындай пранк бола ма? Ербодың беті қан-жоса. Көлікті қойшы жасауға болады. Андағы түрлерің не? Мені сонша уайымдаттыңдар. Мен екі баланың анасы болсам да, уайымшыл адаммын. Осылай жасауға бола ма?", - деп жылады Ақбота. 

Әнші құрбысы мен оның оның жолдасына да ренішін білдірді. Ақыры татуласып алды. 

"Мен мұндай пранкты еш әріптестеріме тілемеймін. Бірақ жақсы адреналин болды. Алданғанымды білмедім. Келесі эстафетаны Жұлдыз бен Балжанға жолдаймын", - деді Ақбота. 

Әнші өзіне берген тортты пранк ұйымдастырған жігіттің бетіне лақтырды. 

Талқылау