Белгілі ақын Жәркен Бөдеш өмірден озды
Халықаралық "Алаш" сыйлығының лауреаты Жәркен Бөдеш 77 жасында өмірден озды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

"Екі-үш күн ғана ауырды. Коронавирустан емес, бірақ өзін аздап әлсіз сезінді. Кеше түнде қайтыс болды", - дейді марқұмның жесірі.
Жәркен Бөдеш 1944 жылы 15 мамырда Қытай Халық Республикасының Тарбағатай ауданында дүниеге келген. Туған кездегі аты - Жармұхамед. ҚазҰУ-дың журналистика факультетін бітірген.
Әр жылдары Кітап палатасында қызмет атқарған. Дүниежүзі қазақтары қауымдастығында бөлім меңгерушісі болды.
Ол "Көкше құрақ", "Қос қанат", "Зейін", "Аспан даусы", "Нұрлы бояулар", "Жұлдыздарға орнын ай бермес" атты өлеңдер мен поэмалар жинағын шығарды.
Жаңа салық кодексі әлеуметтік кәсіпкерлерді жеңілдіктерден айырды – Тапсырыс жоқ, қарыз көбейді
Эмин Аскеров: "Қызметкерлердің тағы 10%-ын толық емес жұмыс күніне ауыстырдық"
Шетелдіктерге қазақ тілі тесті қаншалықты қиын: ВНЖ-ны кімдер ала алады?
Тест онлайн форматта ҚАЗТЕСТ жүйесі арқылы өткізіледі