Беларусьтегі сайлаудың алдын-ала нәтижелері жарияланды
Беларусь ОСК сайлаудың алдын-ала нәтижелерін жариялады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі РИА Новостиге сілтеме жасап.
Алдын-ала мәліметтер бойынша, қазіргі президент Александр Лукашенко 80,23% дауыс жинады.
"Кандидат Тихановская Светлана Георгиевна - 574 мың 312 адам немесе 9,90% дауыс берді", - деді республиканың орталық сайлау комиссиясының жетекшісі Лидия Ермошина.
Сайысқа қатысу 84,23% құрады. Барлығына қарсы 6,02% дауыс берді, кандидат Анна Канопатская 1,68%, Сергей Черечен - 1,13%, Андрей Дмитриев - 1,04%.
- Минскіде бас көтергендердің денесін жарылғыш заттар жұлып кетті (фото)
- Минскіде наразылық білдірушілер тобына жүк көлігі басып кірген сәт видеоға түсіп қалған
Минскідегі наразылықтар айқын арандатушылық сипатта болды және Беларусьтегі президент сайлауындағы дауыс беру нәтижелерінің анық еместігін куәландырмады. Бұл туралы бақылаушылар тобының үйлестірушісі, сенатор Олег Мельниченко айтып берді.
Ол сондай-ақ байқаушылардың наразылыққа байланысты ешқандай қиындыққа тап болмағанын жеткізді.
"Қиындықтар болған жоқ. Республика билігі өте тез және нақты жұмыс жасады. Наразылық білдірушілердің әрекеті сәтсіз аяқталды", - деді Мельниченко.
ОСК басшысы Лидия Ермошина Беларусь сайлау комиссияларының мүшелеріне қысым жасамау үшін электронды дауыс беруге белсенді түрде көшуі керек деді.
Айта кетейік, президент сайлауы Беларуссияда 9 тамыз, жексенбі күні өтті. Минскідегі сайлау учаскелері жабылғаннан кейін, көшпелі дауыс беру кезінде жарияланған сайлау нәтижелерімен келіспейтіндер наразылық акциялары бастады.