Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Минскіде наразылық білдірушілер тобына жүк көлігі басып кірген сәт видеоға түсіп қалған (видео)

 Минскіде наразылық білдірушілер тобына жүк көлігі басып кірген сәт видео түсіп қалған. Жазбаны Telegram NEXTA Live арнасы жариялаған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Видеода акцияға жиналған азаматтарға көліктің бағытталғандығы көрінеді.  Жауап ретінде жиналушылар көлік артынан су бөтелкелерін лақтыра бастады, айқайлайды. Наразылық білдірушілердің бірін көлік қағып кетіп, ол ауруханаға жеткізілді.

Осыған дейін 9 тамызда Минскіде наразылық білдірушілердің тобына жүк көлігі басып кірген деп хабарланған. Көлік жүргізушісі үлкен жылдамдықпен көпшіліктің арасына енген. Наразылық білдірушілердің бірі көліктің бамперіне секіріп, көлік астында қалған. 62 жастағы ер адам есін жоғалтып, ауруханаға жансақтау бөліміне жеткізілген.

Минскіде және Беларусьтің басқа да қалаларында жаппай наразылық акциялар республикада өткен президент сайлауында дауыс беру аяқталғаннан кейін басталды, оның соңғы күні 9 тамызда өтті.

Ортсайлаукомның уақытша мәліметтері бойынша Беларусьтің қазіргі басшысы Александр Лукашенко 81 пайыздан астам дауыс жинады, ал оппозициялық үміткер Светлана Тихановская 8 пайыз ғана жинаған. Азаматтар алтыншы мерзімге сайланған және 1994 жылдан бері тұрақты түрде ел басқарып келе жатқан Лукашенканың жеңісіне сенбейді.

Айта кетейік, осыған дейін Александр Лукошенко ұшағы ел территориясынан ұшып кеткендігі хабарланған.

Талқылау