БАҚ: Лукашенко мінген ұшақ Беларусьтен ұшып кетті
Беларусь Президенті Александр Лукашенконың ұшағы Минскіден ұшып, бірнеше сағаттан кейін Түркияның оңтүстік-батысында қонды. Бұл туралы PlaneFinder сайтына сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды.

Анонимді дерек көзден алынған NEXTA Telegram арнасының ақпараты бойынша экипаж алдын ала әскери жұмылдырылған және ew-301pj президенттік бортының ұшқыштары әуежайда түнеді.
Саперлер әуежай маңындағы барлық жол өтпелерін тексергеніне қарағанда, Лукашенконың өзі бортта болуы мүмкін деп болжауға болады. Беларуссияны тек оның отбасы мүшелері тастап кету мүмкіндігі бар.
Естеріңізге сала кетейік, 9 тамызда Беларуссияда президент сайлауында дауыс беру аяқталды. Мемлекеттік экзитполдың мәліметінше, Лукашенко 79,7 пайыз, оның басты бәсекелесі Светлана Тихановская - 6,8 пайыз дауыс жинады.
Марқұм фельдшер Ұлдана Мырзуанның қазасына берілген 20 миллион теңгені кім алды: Әкімдік жауап берді
Марқұмның мүлкіне қатысты мәселелер заң талаптарына сәйкес нотариус арқылы рәсімделген
Астанада нөсер жаңбырдан кейін әйелдің 35 миллион теңгелік көлігі жарамсыз болып қалды
Анар Долдырина бұл жағдайға байланысты Астана әкімдігіне өтініш жолдаған