Байқоңырда төрт жасар бала балконнан құлап кетті: Анасының үстінен қылмыстық іс қозғалды
Байқоңырда төрт жасар бала 4 қабаттың балконынан құлап, жансақтау бөлімінен бір-ақ шықты. Бүлдіршінді жалғыз өзін қалдырып кеткені үшін оның анасына қатысты қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Байқоңыр тұрғыны төрт кшікентай баласын үйге қамап, өзі дүкенге шығып кеткен. Бұл кезде үйдегі балконның терезесі ашық қалыпты.
“Анасы дүкенге кеткен соң төрт жасар балақай терезеге шығып, жоғары қабаттан құлап кеткен. Бала ауыр жарақаттар алып, ауруханаға түсті”, – делінген Байқоңыр кешені прокуратурасының мәлімдемесінде.
Қазіргі таңда әйелдің үстінен қылмыстық іс қозғалған.
Оқиғаның жай-жапсарын анықтау мақсатында тексеру амалдары жүргізілуде. Іс прокуратура бақылауына алынды.
Әкесі ұйықтап жатқан: Атырауда жасқа толған егіздер терезеден құлап кетіп, біреуі көз жұмды
"Денем кез келген уақытта ісіп кетеді": Қазақстандық өзінің ісік ауруымен ауыратынын 50 жылдан кейін ғана білген
Қазақстанда шамамен 700-ден 1500-ге дейін пациент болуы мүмкін
Қазақстандықтар қытайлық сайттардан жануарларға тапсырыс беріп, өлтіріп алған
Тұрғын: "Сол кезде иіс қалай шығатынын айтып жеткізу қиын”