Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ұрылар Байқоңыр тұрғынын ұрлап кетіп, ақша талап еткен

Байқоңыр тұрғынын қорқытып миллион теңге талап еті мақсатында ұрлап кеткен. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

"Төртінші тамыз күні бір топ қаскүнемдер Байқоңыр қаласының 6-шы шағын ауданындағы көп пәтерлі үйлердің бірінде тұратын азаматтың пәтеріне заңсыз кірген. Қару ретінде пайдаланылатын заттарды қолдана отырып, жәбірленушіні ұрып - соғып, содан кейін оны ұрлап кеткені анықталды", - деп хабарлады "Байқоңыр" кешенінің прокуратурасында.

Жәбірленушіні ұрлап кеткен белгісіз біреулер оны гаражда азаптаған.

"Жәбірленушіні Янгель көшесіндегі гаражға әкеліп, бұзақылар оны ұрып-соғуды жалғастырды, бұл ретте олар миллион теңге көлемінде ақшалай қаражат беруді талап етті", - деп хабарлады қадағалау органы.

Жәбірленуші тірі. Ұрлап кеткендердің үшеу екені анықталды.

"Үш жергілікті тұрғынға қатысты қылмыстық іс қозғалды", - деп растады "Байқоңыр" кешенінің прокуратурасында.

Бұл азаматтарға тұрғын үйге заңсыз кіру, адамдар тобының өміріне немесе денсаулығына қауіпті күш қолдану арқылы және қару ретінде пайдаланылатын заттарды пайдакүнемдік ниетпен алдын ала сөз байласуы арқылы ұрлау айып тағылады. Сондай-ақ адамдар тобының алдын ала сөз байласуы бойынша күш қолданып қорқыту бойынша да айып тағылды.

Қазіргі уақытта қылмыстық іс бойынша жасалған әрекеттің барлық мән-жайларын анықтауға бағытталған тергеу әрекеттері жүргізілуде, тергеу барысы "Байқоңыр" кешені прокуратурасының бақылауында.

Талқылау