Байден Си Цзиньпинді диктатор деп атады
Американың Сан-Франциско қаласында өткен Азия-Тынық мұхиты экономикалық ынтымақтастығы саммитінде Джо Байден Қытай төрағасы Си Цзиньпинді диктатор деп атады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Коммерсант басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Фото: uanews.net
"Ол шынымен де диктатор. Басқару формасы біздікінен мүлде басқа, коммунистік елді басқаратын диктатор. Мұны жоққа шығару немесе онымен дауласу мүмкін емес", - деді Байден Си Цзиньпинмен кездесуден кейін.
Бұған дейін Байден Си Цзиньпиннің басқару әдісі мен стилі "диктаторлық" екенін бірнеше рет айтқан болатын. Қытай тарапы АҚШ президентінің мәлімдемесіне әзірге түсініктеме берген жоқ.
15 қараша күні өткен АҚШ президенті мен Қытай Халық Республикасы төрағасының екіжақты келіссөздері екі сағатқа созылған. Келіссөздер барысында Си Цзиньпин Қытай мен АҚШ арасындағы ықтимал қақтығыс адам төзгісіз салдарға әкеп соғатынын айтты.
Оның пікірінше, Бейжің мен Вашингтон әскери текетіреске жол бермеу үшін бәрін жасауы керек.
"Жүрегіне салынған имплант түсіп кеткен": Алматыда сәтсіз отаның кесірінен 20 жастағы жігіт жансақтау бөліміне түскен
Науқас жансақтау бөліміне түсіп қалған
Таиландқа демалуға барған қазақстандық әйел босанып қалған: Баласының еміне күніне 740 мың теңге қажет
Назира: Дәрігерлер өмірінің алғашқы күндерінен бастап инфекция бар екенін растады