"Путин соғысты таңдады": Байден Ресейдің Украинаға жасаған шабуылына жауап беретінін мәлімдеді
АҚШ президенті Джо Байден АҚШ пен НАТО-ның Ресейдің Украинадағы әрекеттеріне жауап беретінін мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Арнайы мәлімдеме жасаған Байден Донбасстағы жағдай туралы айтты. Ол Ресейдің әрекеттеріне НАТО-мен бірлесе отырып қатаң жауап беретінін қосып өтті.
Сонымен қатар Байден АҚШ-пен оның одақтастары Мәскеу шешіміне бірлесе отырып жауап қайтаруға уәде берді.
Байденнің сөзінше, Владимир Путин қасірет пен көптеген адам шығынына алып келетін соғысты таңдаған.
“Бұл жанжалға Украина себеп болған жоқ. Қазір енді украиналықтар Ресей тарапынан негізсіз шабуылға ұшырады”, – деді Байден.
Осылайша ол Путиннің Донбасста арнайы өткізу туралы шешіміне жауап берген. Мұнда Путин Ресейше қауіп төндіретін сыртқы күштерге үндеу жолдап, тез арада жауап беретінін мәлім етті.
"Роллтонның" орнына бешбармақ: Атырау тұрғыны ұлттық тағамды 5 минутта дайындау жолын тапты
Кәсіпкер үшін бешбармақ – тек тез дайындалатын тағам емес
1 миллион теңге айлық, пәтер мен қызметтік көлік: Мемлекет Құрылтай депутаттарына қандай жағдай жасайды
Құрылтай мен бұрынғы Парламент арасында қандай айырмашылық бар