Баян Мақсатқызы Алматы облысы әкімінің қабылдауында болғанын айтып мақтанды
Осыдан біраз уақыт бұрын Ыстық көлді гүлдендіріп қойған қырғыздарға риза болған Тұрсынғали Алагөзов отандық туризмді дамыту мәселесін ойға алған болатын. Ол желідегі оқырмандарына қолқа салып, Қазақстанның көрікті жерлері туралы сұраған еді, деп жазады Stan.kz.

Кәсіпкер сөзін желге ұшырмаған ұқсайды. Себебі бүгін ол сүйіктісі Баян Мақсатқызымен бірге Алматы облысы әкімінің қабылдауында болып, жер жәннаты Жетісуды гүлдендіру жайын талқылапты.
Бұл туралы желідегі парақшасында Баян Мақсатқызы жазды.
«Алматы облысының әкімі Амандық Ғаббасұлы Баталовпен туризмді дамыту мәселесін талқыладық. Жетісу аймағы – туристер үшін жұмақ мекені», – деп пікір білдірді Баян Мақсатқызы.
Суреттен әкімнің Мақсатқызына арнайы сыйлық табыстап жатқанын көруге болады.
Жіберіп алмаңыз:
Ташкентке сапарлаған Мақпал Жүнісова өзбек ағайындарды таңдай қақтырды (видео)
Нұртас Адамбай мәдениетсіз қазақтар үшін шетелдіктерден ұялғанын айтты
Қазақстандықтар Pinduoduo-дан дәретхана қағазына дейін алатын болған: Бұл отандық кәсіпкерлерге қалай әсер етеді
Қазақстандықтар шетелдік платформада жергілікті дүкендерден қарағанда тауарлар әлдеқайда арзан екенін айтып жүр
Бір бренд, бірақ Қазақстанда әлдеқайда қымбат: Zara, Adidas және Massimo Dutti тауарлары үшін неге артық төлейміз
Еуропалық брендтердің тауарлары Қазақстанда неге қымбат?