Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Баян Мақсатқызы 3 айда қанша кітап сатып үлгергенін айтты

Баян Мақсатқызы небәрі үш ай ішінде 20 мың дана кітап сатып үлгергенін айтып мақтанды.

20635044_430530117342666_5367838946740928512_n

Сурет: Баян Мақсатқызының жеке парақшасынан

Бұл туралы aktobetimes.kz басылымы хабарлайды.

– Дәл осы сәтке дейін қанша кітап сатып үлгердіңіз?

– 20 000 дана. Ешкім дәл бұлай өз кітабын сатпаған шығар. Бір жылда Гарри Поттердің 7 000 кітабы сатылған. Меніңше, 7 000 дана Гарри Поттер кітабы мен Баян кітабын салыстырсақ, Гарри Поттер ауырлау болады (күлді).

– Сізді бақытты әйел деп айтуға бола ма?

– Меніңше, шизофреник пен ақымақ қана толықтай бақытты бола алады. Мен бұл екеуінің де қатарында жоқпын. Сол себепті, өзімді толықтай бақыттымын деп айта алмаймын. Адамға әрдайым бірнәрсе жетіспей тұрады.

– Өзіңізді қандай тұлғамын деп есептейсіз?

– Мен бизнесмен емеспін, ақша да санай алмаймын. Мен оларды не үшін санау керектігін де түсінбеймін. Маған қытайлықтардың “Сүйікті ісіңмен айналыс – ақша өздігінен келеді” деген мақалдары ұнайды. Өз ісіңізді тапқан кезде, табысыңыз да жақсы болатыны анық. Сол себепті, өзімді бизнесменмін деп айта алмаймын.


Жіберіп алмаңыз:

Сәкен Майғазиев тұңғышына келін іздеп жүр

Айдана Меденова неліктен өзі уәде еткендей сәнгер болмағанын түсіндірді

Динара Сәтжан латын әліпбиі арқылы қазақ тілін жетік меңгеріп алатынын айтты

Бибігүл Төлегенова: Әлішер деген тараздық өзбек эстрадада неғып жүр?

Талқылау