Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Сәкен Майғазиев тұңғышына қалыңдық іздеп жүр

Майғазиевтер шаңырағынан қуанышты жаңалық! Олар тұңғыш ұлдарын үйлендіргілері келіп жүргендерін хабарлады. Сәкен Майғазиев, тіпті, келіндерге кастинг жариялаған.

21827269_697832557077350_7318267124378501120_n

Сурет: Сәкен Майғазиевтің жеке парақшасынан

Бұл туралы НТК арнасының “Ревю” бағдарламасында айтылды.

Жуырда ғана отбасылық одақтың 20 жылын атап өткен Сәкен Майғазиев пен жұбайы бүгінде ата-ене болуға қамданып жатқандарын жеткізді. “Музарт” әншісі келін таңдауды осыдан бірнеше жыл бұрын жоспарлы түрде бастаған.

“Аяғын көріп асын іш, шешесін көріп қызын ал” деген сөз бар қазақта. Әнсапармен бір жерге барып қалсам, қай отбасы жарасымды, қай әйел отағасына мойынсұнады, қай ер адам өзінің әйелін құрметтеп отырады бақылап отырамын. Анасы төрде отыратын әулетті құрметтеймін. Осындай үйден тәлім-тәрбие алған қыз жаман болмайды. Инабатты, ибалы, ақылды келін болады деп өзім топшылайтынмын.

Артынша үйге келіп “Анасы қарашы. Мынау менің досым. Өте жақсы отбасы. Оларға құда болайық деп айтып кеттім” деймін. Кейбір кезде баламнан үлкен қыздарға да көзім түсіп қалады. Оны Алланың қалауы біледі ғой. Оның үстіне жүрекке әмір жүрмейді. Баламның өзінің шешімі болады. Бірақ өзі “Алла нәсіп етсе, сіздер таңдап, кеңес берген қызға үйленемін” деп айтып жүр. Жиырмадан кейін “Он тоғыздағы бала не айтпайды” деп жүрмесе болғаны”, – дейді Сәкен Майғазиев.

Әділет Майғазы – Сәкен мен Динараның тұңғышы. Бүгінде 20 жасқа қадам басқан жігіт Алматыдағы университеттердің бірінде білім алады. Келісті келін табу миссиясына жұлдызды қайын ата түрлі амалдарға барады екен. “Барған үйдің қызы 2 немесе 4-сынып оқитынына қарамайды. Өзіне ұнаған қыздың суретін алып келеді. Баламыз “Ана, бұлар әлі кішкентай ғой” деп күледі”, – дейді Динара Майғазиева.


Жіберіп алмаңыз:

Айдана Меденова неліктен өзі уәде еткендей сәнгер болмағанын түсіндірді

Динара Сәтжан латын әліпбиі арқылы қазақ тілін жетік меңгеріп алатынын айтты

Бибігүл Төлегенова: Әлішер деген тараздық өзбек эстрадада неғып жүр?

Жанар Дұғалованың отбасылы әріптесімен көңіл қосқаны рас па?

Талқылау