Баян Мақсатқызы: Мадина құрбым алғаш менімен танысқанда "Сүйісіп көрдің бе?" деп сұраған еді

Тележүргізуші Мадина Балғабаева 1 наурыз күні 45 жасқа толды. Ақ жарқын Мадина жақындарын, дос-жарынының басын қосып жаңа жасын атап өтті. Орта жасқа келген тележүргізуші алды-артын бағамдап, бәріне сабырмен қарайтын болған. 

Баян Мақсатқызы: Мадина құрбым алғаш менімен танысқанда

Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі НТК Show бағдарламасына сілтеме жасап хабарлайды.

Мадина Балғабаеваны туған күнімен құттықтап келген өнердегі әріптестері ол туралы жақсы пікірде. Жан құрбысы Баян Мақсатқызы екеуінің достығына 29 жыл толғанын еске алды. 

"Біз алғаш театр академиясында таныстық. Қанша қыздың ішінен екеуміз ғана іріктеліп алындық. Бір топта 14 шақты жігіт, 2 қыз ғана оқыдық. Мадина бейкүнә, періштедей нәзік, аппақ қыз болатын. Мен оны еуропалық нәсілді қыз деп ойладым. Крыловтың мысалын қазақша айтқанда таңғалып қалғанмын. Менімен танысқанда алғаш қойған сұрағы бір рет болса да "жігітпен сүйісіп көрдің бе?" деп сұрады. Мен "иә, ал сен ше?" десем, "жоқ" деді. Ол сондай тәртіпті адам. Өмірі де бір жүйеге негізделген. Сағат түнгі 22-00-де ұйықтап, таңғы 06:00-де оянады. Мен түні сағат 3-те ұйықтаймын. Екеуміз жандүниеміз, жүйеміз екі түрлі адамбыз", - дейді Мақсатқызы. 

Баян Мақсатқызы: Мадина құрбым алғаш менімен танысқанда

Мақсатқызы құрбысының жүргізушіліктен бөлек кәсіби актриса екенін, пародияның жақсы салатынын айтып қалды. Сәті түссе, ол үшін арнайы кинокартинадан роль беріп қалу ойында бар. 

Екеуінің достығы өнер адамдарының бәріне жақсы таныс. Бірін отқа, бірін суға теңейтіндер де бар. Бұл Рахман Омардың пікірі.

"Баян мен Мадинаның бірге жүргеніне бірнеше жыл болды. Қыздарда достық болмайды деуші еді ғой. Бұлар осы қағиданың дұрыс емес екенін дәлелдеген жандар. Бұрын Баян от секілді жеңіл болса, Мадина сабырлы су секілді болатын. Бір-бірін толықтырып тұратын", - деді әріптесі тележүргізуші, актер Рахман Омар.

Мадина Балғабаева бір баланың анасы. Ол ұлының шетелде оқып жатқанын айтты. Анасы болашағы жарқын болу үшін жалғыз ұлын шетел асырғанын түсіндірді. 


Тағы оқыңыз: 

"Мына сақина саған бақыт әкеледі деді": Қатерлі дертке шалдыққан бойжеткен Баян Мақсатқызымен кездескен соң ауруынан айықты


 

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр