Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Мына сақина саған бақыт әкеледі деді": Қатерлі дертке шалдыққан бойжеткен Баян Мақсатқызымен кездескен соң ауруынан айықты

17 жастағы қазақстандық қыз Аружан Тоқан Баян Мақсатқызымен кездескен соң өмірге деген құлшынысы артқанын айтты. Ауыр дертпен күресіп келген бойжеткеннің арманы орындалды. 

Бұл туралы Dastarhan бағдарламасында айтылды. 

Аружан Тоқан 17 жаста. 2012 жылы Аружанның онкологиялық ауруға шалдыққаны анықталған. Аты жаман дерт қалқанша без бен лимфа жүйесінің бұзылуынан пайда болған. Бала күнінен Баян Мақсатқызын кумирі ретінде танып, онымен кездесуді армандаған Аружанға анасы қолдау көрсетті. 

"Қызым бала күнінен Баян Мақсатқызына ұқсағысы келетін. Сол кісі секілді ән айтатын. Сол кісінің болмысын келтіретін. Ауруға шалдығып, тамақ ішпей қалған кездері болды. Сол кездері дәріңді іш, емделген соң Баян Мақсатқызымен кездестірем деп уәде бердім", - дейді анасы Гүлім Әбит.  

Аружанның шашы, кірпігі, қасы түсіп, тамақ іше алмайтын күйге де түскен. Ол күндердің бәрі артта. Ауыр күндерді өткерген бойжеткен сәті түсіп продюсермен кездесті. 

"Алғаш Баян Мақсатқызымен кездескенде не айтарымды білмедім.  Көзіме жас келді. Ол кісі маған қолдау білдірді. Қолындағы сақинасын шешіп берді. Бұл саған бақыт әкеледі. Сен соған сен деген еді", - деді бойжеткен. 

Аружан сол күннен бастап сақинанын қолынан тастамай келеді. 

"Мен ғажайып нәрсеге сенсең, ол міндетті түрде орындалады дедім. Сақинамды бақыт сыйласын деп шешіп бердім. Аружан өте батыл қыз. Бәрін жеңе біледі. Каратэден чемпион. Жігері мықты қыз", - деді Баян Мақсатқызы. 

Бағдарламаға келген Аружан мен Баян Мақсатқызы тағы бір мәрте кездесті. 

Аружан бүгінде спортпен айналысады. Нақтырақ айтсақ, каратэмен шұғылданады. 

 

Талқылау
Пікір
Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР

Қостанай облысында коронавирус жұқтырғандар Шарм-эль-Шейхтен ұшып келген

Олар Тобылдағы карантиндік ауруханада жатыр

"Кейбір азаматтардың сана-сезімінің төмендігін байқап отырмыз": Алматы полициясы көшеде жүргендерді не үшін ұстап әкеткендерін түсіндірді

Әлеуметтік желілерде тұрғындардың қолын қайырып әкетіп бара жатқан полиция қызметкерлерінің видеосы таралды

Бұдан ауыр қиындықтарды да бастан өткергенбіз - Назарбаев

Нұрсұлтан Назарбаев премьер-министр Асқар Маминмен кездесті

25 мың теңгеге дейін қымбаттаған зімбірдің пайдасы бар ма

Дәрігерлер зімбірден гөрі емдік шөптен жасалған шайларды ішуге кеңес беріп отыр

Қарағандыда COVID-19 жұқтырған 7 адам туралы не білеміз

Барлық науқастар эпидемияға қарсы қауіпсіздік шараларымен оқшауланған және емделуде

Алматы облысының тұрғынына үй карантинін бұзғаны үшін 26 мың теңге айыппұл салынды

Ресей Федерациясынан келген азамат үй карантинін бұзған

Ботокс, шаш, макияж: Жұлдыздар күнделікті күтіміне қанша ақша жұмсайды

Алтынай Жолдыбаева: Менің көкірегім кішкентай, бірақ өзіме ұнайды

Қостанайда коронавирус жұқтырған ерлі-зайыптылар Мысыр елінен оралған

Дәрігерлердің науқастар жағдайы қанағаттанарлық екендігін айтып кетті

Қазақстанда коронавирусқа шалдыққандардың саны 685 адам болды

Жаңадан ауру жұқтырған 15 адам тіркелді

Коронавирус жұқтырған ресейлік студент Қазақстанға өтіп кеткен

Бойжеткеннің коронавирус жұқтырғаны 4 сәуір күні белгілі болыпты
Çàãðóçêà...