Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Баян Есентаева “KeshYou” тобының жаңа құрамын көрсетті (фото, видео)

Продюсер KeshYou тобының құрамының “суретін жариялап”, желі қолданушыларымен әзілдесті.

16110441_157495611414720_6476389419090706432_n

Фото: instagram.com/bayanmaxatkyzy/

Бұл туралы Stan.kz  хабарлайды.

Осы уақытқа дейін KeshYou тобына “Лашындағы” Элизаттың келуі мүмкін екені туралы айтылды. Желі қолданушылары оны теріс қарап тұрған суретінен танып қалған-ды. Алайда бұдан кейін бұл топта Сараның да өнер көрсетуі мүмкін екендігі туралы қауесет тарады. Әзірге мұның қаншалықты рас екені белгісіз.

Есесіне Баян Есентаева осы тақырып аясында желі қолданушыларымен әзілдесіп алуды жөн көрді. Ол келіншектің суретін жариялап, оларды KeshYou құрамы ретінде таныстырды. Суретте өзі де бар.

“Көптен бері құпия сақтап келдім. Бұл – KeshYou тобының жаңа құрамы!” – дейді Баян Есентаева.

Дәл қазір “KeshYou” тобы Қытайдың Сиань аймағында жүр. Бұл жерге қытайлық арналардың бірінің шақыртуымен келген екен. Топтың инстаграм парақшасындағы суреттеріне қарап, жаңа мүшесінің қосылып үлгергенін байқауға болады.


Жіберіп алмаңыз:

Қытайлық жанкүйерлері Димаш тоқтаған қонақүйді торуылдап жүр

“Қазақстан дауысы” жобасының жеңімпазы 7 млн теңгесін ата-анасына сыйламақ

Алтынай Жорабаева Қыдырәлі Болмановты жақтап сөйледі (видео)

Салтанат Қалиева: Танымал жұлдыздардың өзі де жылайды

Талқылау