Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қытайлық жанкүйерлері Димаш тоқтаған қонақүйді торуылдап жүр

Қалың қытайды мойындата алған Димаш Құдайбергеновтың өнерін асыға күткен жұрт бүгін, яғни 28 қаңтар күні Қытайдың ең ірі Хунань арнасынан халықаралық байқауды тамашалай алады.

16228589_1873472499599339_2499531706252394496_n

Бұл туралы 31 арна хабарлайды.

Еліміз оны  ю туб арқылы телеарнаның ресми сайтынан онлайн көре алады. Екінші айналымда Димаш ресейлік әнші Витастың орындауындағы “Опера-2” әнін орындамақ. Байқауға аузын айға білеген Қытай елінің қатысушыларынан өзге Тайвань, Корей және Қазақстан өнерпаздары қатысқан. Қытайлықтардың жүрегін тек зор дауысымен ғана емес, келісті келбетімен де баурап алған Димаш қазіргі уақытта көшеге шыға алмай қиналыпты.

Себебі, жан-жағынан қыздар қаумалап қолтаңба алып, суретке түсіріп ерекше ықыласқа ие болған. Димашқа бұл жәйт аздап ерсі көрінген екен. Тіпті, кейбір фанаттары әншіні бір көру үшін қонақүйін күні-түні торуылдап, сағаттап күтіп тұратын көрінеді. лының тілеуін тілеп, хал жағдайын тек телефон арқылы біліп отырған Димаштың анасы Светлана Айтбаеваның айтуынша, бұл ән байқау жай байқау емес. Әр елден келген үміткерлер байқауға қатыспас бұрын  алдымен қатаң талаптардан өту тиіс екен.

“Алдымен шығармашылығы туралы ақпарат жібереді, түрлі даусы жазылған таспаға түсірілген, соның барлығын таңдап,  қарағаннан кейін Димаштың өзін шақыртты СКЛ: 000322 Конкурстың басты шарты,  өз елінде танымал,  шын мәнінде біраз тәжірбиесі бар әншілер. Олар жаңадан бастаған әншілер емес, бір дәрежеге жетіп, қатыса алады”, – дейді Светлана Айтпаева анасы.

Дегенмен, жобаның басты шарты бойынша, ешқандай фонограмма қолданбау керек. “Басты шарт, ешқандай фонограмма пайдаланылмайды. Техникалық мүмкіндіктері өте мықты дейді, ең шарттың бастысы осы”. – дейді әншінің анасы.

Әншінің өзі барша жанкүйеріне инстаграм парақшасы арқылы алғыс білдірді. “Мен өзімнің шет елдік достарыма, өзге елде тұратын жанкүйерлеріме де алғыс білдіргім келеді! Арнайы фан клубтардың ашылуы, қытайлық жанкүйерлерімізбен бірге, АҚШ, Еуропадан xабарласып жатқан өнер сүйер қауымға шынайы ризамын! Тілектеріңіз бен ниеттеріңіз жүрегімнен орын алып жатыр! Қазақ елі осындай өнерге бай, қазақ жері мейірімді, қонақжай! Менің өнерімді сүйетін барша жанға ықыласым бірдей! Сіздерді риясыз жақсы көремін!” – дейді ол.


Жіберіп алмаңыз:

“Қазақстан дауысы” жобасының жеңімпазы 7 млн теңгесін ата-анасына сыйламақ

Алтынай Жорабаева Қыдырәлі Болмановты жақтап сөйледі (видео)

Салтанат Қалиева: Танымал жұлдыздардың өзі де жылайды

Қыдырәлі Болманов карикатура жайында: Сіздің ата-анаңызды солай салып қойса қайтер едіңіз?

Талқылау