Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Сот төрағасына ескерту: Алагөзова сот жүйесі туралы бар шындықты жайып салатынын айтып қорқытты

Баян Алагөзва өзіне қатысты іс бойынша дүйсенбі күні өтетін сот отырысының әділ болатынына алаңдап отырған сыңайлы. Дәл осы себепті  ол желідегі паарқшасында жазба қалдырып, сот төрағасына ескерту жасады, деп хабарлайды Stan.kz.

Баян Алагөзова

Белгілі продюсер Баян Алагөзва Бостандық ауданының сот төрағасына ескерту жасады. Ол дүйсенбі күні өтетін сот отырысының әділ болатынына күмән келтіретінін жасырмады.

«Дүйсенбі соттың шешімін күтемін. Егер ол әділетсіз болса (әділ болатынына сенімім аз), сот жүйесі, соттың істі қарау жүйесінің немен ынталандырылатыны және олардың тікелей атқарушылары туралы бар шындықты айтамын. Сонымен қатар «қолыңды» бермейінше, сотта жеңе алмайтыныңды да айтатын боламын. Алматы қаласының Бостандық ауданының соты менің ескерту жазбамды оқып, іспен тағы бір мәрте танысып, асығыстық танытпайды деп сенемін. Керісінше жағдайда бұл істі жариялап, жоғарыдағы органдарды әділеттілікке шақыруыма тура келеді. Себебі соттың қолдағы айғақтарға қарамастан, асығыс қабылданған шешімі  үшін «жақсы төленіп» қойғанға ұқсайды. Бұл жазбаны амалсыз жазып отырмын. Себебі сот ешбір өтінішхатқа жауап берген жоқ. Өтініштер мен 100 пайыздық айғақтарды елемей отыр», – деп жазды Баян Алагөзова Instagram желісіндегі парақшасында.

 

В понедельник жду решение суда, если оно будет не справедливым, а так оно скорее всего и будет, расскажу всю правду о судебной системе, о том как и чем мотивированны судебные разбирательства и их непосредственные исполнители. И как невозможно выиграть суд, не дав на лапу. Надеюсь судья Бостандыкского суда города Алматы, пока не стану называть ее фамилии, прочтёт мой предупредительный пост, и ещё раз ознакомится с делом, и все же не станет торопиться с определением, иначе мне придётся придать этому делу публичность, а также призвать выше стоящие органы к справедливости, потому как настолько скоропалительное решение судьи, без оглядки на имеющиеся доказательства, уж сильно смахивает на хорошо проплаченное. Данный пост вынужденная мера, так как судья не приняла, и ни ответила ни на одно ходатайство, и проигнорировала все заявления, и что самое важное – стопроцентные доказательства.

Публикация от Bayan Maxatkyzy Alaguzova (@bayanmaxatkyzy)

Десе де продюсер қандай іс бойынша сот отырысы өтетінін жасырып қалды.

Айта кетсек, таяуда Тұрсынғали Алагөзовтің компаниясы кәсіпкердің әкесі Тұрым Алагөзовті сотқа бергені туралы ақпарат пайда болды. Акционерлік қоғам Алагөзовті «өзгенің затын заңсыз пайдаланған» деп айыптаған еді. Баян Алагөзованың ескерту жазбасын жариялауы дәл осы жағдайға байланысты болуы да мүмкін.

Оқи отырыңыз:

Нұржан Керменбаев: Той әндері арқылы тезірек елдің батасын аламыз деген ойдамыз

Мәдина Сәдуақасова Ақтөбедегі лифтіде көз жұмған тележүргізушіні еске алды

Ерболат Құдайберген: Халыққа ұнау қиынырақ болып кетті

Сейфуллин Жолбарыс әнші Бақыт Шадаеваның үйін тартып алған

Талқылау