Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Мәдина Сәдуақасова Ақтөбедегі лифтіде көз жұмған тележүргізушіні еске алды

Әнші Мәдина Сәдуақасова Ақтөбедегі лифтіде көз жұмған тележүргізушіні еске алды. Айтуынша, ол университет қабырғасында Айзат Әбдісаматпен бірге оқыған екен, деп хабарлайды Stan.kz.

Мәдина Сәдуақасова

Әнші Мәдина Сәдуақасова Ақтөбедегі лифтіде болған қайғылы оқиғаға қатысты пікір білдірді. Тіпті, ол оқиға орнында көз жұмған 28 жастағы тележүргізуші Айзат Әбдісаматты танитын болып шықты. Әншінің айтуынша, олар университет қабырғасында бірге оқыған екен.

«Жан түршігерлік қаралы хабар бүкіл елді есеңгіретті… Ақтөбе қаласында болған оқиға… Ажалына себепші болған лифт… Айзат Әбдісамат… Сенер алар емеспін… КазҰУ журналистика факультетін бірге бітіргенбіз, курстасым… Аллам алдыңнан жарылқасын, Айзат… Артыңда қалған ұрпағыңа қайырын беріп, отбасына қайғырып көңіл айтамын», – деп жазды Мәдина Сәдуақасова Instagram желісіндегі парақшасында.

Айта кетсек, Ақтөбедегі лифтіде көз жұмған тележүргізуші Айзат Әбдісаматты жерлеу рәсімі бүгін өтеді.

Оқи отырыңыз:

Ерболат Құдайберген: Халыққа ұнау қиынырақ болып кетті

Сейфуллин Жолбарыс әнші Бақыт Шадаеваның үйін тартып алған

Қазақстандық режиссер Иван Дорнға Африкада бейнебаян түсіріп берді (видео)

Айнұр Тұрсынбаева: Айдаладағы жезөкшелерді неге насихаттауым керек?

Талқылау