Бауыржан Оспанов туған ауылын арақтан тазартып, халыққа қымызды тегін таратуда
Белгілі кәсіпкер Бауыржан Оспанов Алматы облысы, Алакөл ауданына қарасты өзі туған аймақ тұрғындарына қымызды тегін таратуда. Кәсіпкер орталықтағы мешіттердің біріне кез-келген адам кіріп, тегін қымыз ішуіне мүмкіндік жасап қойған. Оның шындап кіріскенінің арқасында Жыланды ауылында соңғы кездері халық дүкендерде спирттік ішімдік саудалауды тоқтатқан.

Бұл туралы “Матрица.kz” сайты жазды.
Бауыржан Оспанов осы бастамасының арқасында ауыл халқын салауатты өмір салтына үйретіп қана қоймай, ұлттық тағамды кеңінен насихаттауды көздеген.
Қазір Жыланды ауылының тұрғындарын қымызбен қамтамасыз ету мақсатында кәсіпкер 20 биесін арнайы халық игілігіне бөлек ұстайды.
Әрине оны сауып, қымызын ашытатын ауыл тұрғындары. Олардың еңбегі үшін кәсіпкер өз қалтасынан тағы айлық төлеп отыр.
Айтакетсек, Бауыржан Оспанов Forbes басылымының тізімінде Қазақстандағы ең ауқатты адамдар тізімінің елулігінде.
"Мінбердегі тартыс 7 сағатқа созылды": Нұрлан Оразалин Егемендік декларациясының қалай қабылданғанын айтып берді
Нұрлан Оразалин Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің XII шақырылымының депутаты болған әрі осы тарихи құжатты әзірлеуге тікелей қатысқан
Республика күні мен Тәуелсіздік күні неге екі бөлек атап өтіледі
Саясаттанушы: "Көп жыл бойы "Неліктен 25 қазанның маңызын екінші орынға ысырып қоямыз?" деген мәселе көтерілді"