"Бауы берік болсын" тіркесі қайдан пайда болған
Қазақ халқында сәби дүниеге келгенде "Бауы берік болсын!" деп тілек айтады. Бірақ сол тілектің астарында не жатыр?

Қазақ халқының дәстүрі мен діні ерте ғасырлардан бері астасып келеді. Ғалымдар бұл тілектің астарын діннен іздейді.
Құран Кәрімде "Алланың жібіне (шариғатына) жақсылап жабысыңдар" деген аят бар. Пайғамбарымыз (с.а.у) бір хадисінде: "Кімде-кім жамағаттан бір қарыс ұзап кетсе, сөзсіз ислам жібін мойынынан шығарып тастаған болады", – дейді. Ал қазақ халқы нәпсіге құл болып, есіріп, еліріп кеткенге "жүгенсіз кеткір" деп жекіп отырған.
Бұл жердегі "жүген" сөзі бау сөзімен мағыналас. Ал түркі жұртының "Бас басқа байланады. Бас шариғатқа байланады" деген сөзі де бекер емес.
Ендеше бабаларымыздың жарық дүниеге келген сәбиге айтқан алғашқы тілегі әрі батасы "Шариғатқа байлан, бауың берік болсын!" деген жақсы сөз болған.
Алматылықтар үй сыртындағы тарихи тақталарды алып тастауға қарсы шықты
Желі қолданушысы: "Ғимараттардың сыртқы келбетін бұзатын кондиционерлер орнатуға, балкондарды әйнектеуге жол бермеу керек еді"
Абай облысында 180 миллиард теңге жұмсалған жол үгітіліп жатыр
Орталық: "Нысандарды пайдалануға беру және учаскелер бойынша қорытынды есептерді дайындау алдында барлық анықталған кемшілік толық жойылған"