Батыс өңірлерде ыстық басылады: Алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы
Қазақстанға Ресейдің еуропалық бөлігінің солтүстік аймағынан атмосфералық фронттармен циклон жылжып, соның салдарынан батыс облыстарда найзағай ойнап, жаңбыр жауып, ыстық басылады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

"Күндізгі ауа температурасы плюс 35…40°С-тан кейін, 20…30°С-қа дейін төмендейді. Сондай-ақ республиканың солтүстік және солтүстік-батыс аймақтарының кей жерлерінде найзағаймен жаңбыр, желдің дауылды күшеюі күтіледі", - делінген хабарламада.
Қазақстанның оңтүстік-шығысының кей жерлерінде найзағаймен өткінші жаңбыр күтілуі мүмкін. Демалыс күндері қалған аймақтарда жауын-шашынсыз ауа райы сақталады, орталықта және шығыста күндіз ауа температурасының плюс 25…35°С дейін жоғарылауы болжанады.
"Өзін құрбан ету үшін "айналайын" деп дауыстаған": Қазақтың қандай салт-дәстүрі мен ұғымдары ұмыт болды
Тарихшы: "Ауру адамды киіз үйдің ортасына жатқызып, қарт кісі үш рет айналып, есікке келгенде “айналайын” деп дауыстайды"
"Туған күнімді үкімет жасап береді": Наурызды ерекше атап өтетін қазақстандықтар қызық оқиғаларын бөлісті
Наурыз: “Есімім Наурыз, 22 наурыз туған күнім”