Батыс Қазақстанда көлде жоғалып кеткен баланы іздестіруге тікұшақ тартылды
Төтенше жағдайлар департаменті тікұшақтың Батыс Қазақстан облысындағы көлде жоғалып кеткен баланы іздеуге жұмылдырылғанын айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Sputnik Қазақстанға сілтеме жасап.

22 маусымда сағат 16:45-те құтқарушылар Теректі ауданы Сары Өмір ауылында Шалқар көлінде тоғыз жасар бала ересектердің қарауынсыз қалып, желдің оны көл ортасына алып кеткені туралы ақпарат келіп түсті. Оның артынан 66 жастағы атасы жүзген, бірақ олар жағаға оралмаған.
Сол күні сағат 23:00-де ер адам қарама-қарсы жағалаудан аман, сау табылды. Баланы іздеу жұмыстары кеш батқанша жүргізіліп, таңертең қайта басталды.
Бүгін 24 маусымда баланы іздеуге тікұшақты тарту туралы шешім қабылданды. Оқиға орнында 21 құтқарушы жұмыс істейді. Баланы тек судан ғана емес, құрлықтан да қаралады.
Еміне 1,5 миллиард теңге қажет: Қазақстандық 7 жасар баланың бұлшықеттері әлсізденіп, жүруі қиындаған
Дәрігерлер қателесіп, 4 ай бойы баланы бауыр фиброзынан емдеген
Қазақстан әйелдерінің үйдегі тегін еңбегінің құны қанша: Есептеп көрдік
Оқырман: "Әйелдер де күнделікті тұрмыстан шаршайды, кейде демалып алғысы келеді"