Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жамбыл облысында жауын салдарынан сел жүрді (видео)

Жамбыл облысында жауын мен бұршақ жауып, салдарынан сел жүрген. Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігі мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

сел

23 маусымда Үлкен Сұлутөр ауылында Ырғайты өзені арнасымен сел жүрген. 

"Салдарынан ауыл жолын су басып, екі шаруашылық нысанына зақым келді. Зардап шеккендер мен қаза тапқандар жоқ", – делінген Төтенше жағдайлар министрлігінің хабарламасында.

Қазір жергілікті атқарушы органдар комиссиясы келген шығынды есептеп жатыр. 

"Оқиға орнында Жамбыл облысы Төтенше жағдайлар департаментінің сегіз қызметкері мен екі бірлік техникасы, жергілікті атқарушы органдардың екі бірлік техникасы мен бес қызметкер жұмыс істеп жатыр", – деп қосты министрліктің баспасөз қызметіндегілер. 

Сонымен қатар жауын салдарынан Шарбақты ауылынан 4 шақырым жердегі Ырғайты өзеніндегі су деңгейі көтерілген. 

"Салдарынан пайда болған аралдағы көлікте 6 адам қалып қойды, ал екінші сумен ағып кеткен. 24 маусым 01:15-те Төтенше жағдайлар департаментінің күшімен барлық адамдар құтқарылды. Зардап шеккендер мен құрбандар жоқ", – делінген министрлік хабарламасында.  

Талқылау