Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Батыс Қазақстанда із-түссіз жоғалып кеткен аутизммен ауыратын жасөспірім табылды

Батыс Қазақстан облысын полиция департаменті аутизмге шалдыққан 19 жастағы жігіт табылғанын мәлімдеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Мой город-қа сілтеме жасап хабарлайды.

Фото: Батыс Қазақстан облысы полиция департаменті

Мәліметтерге сүйенсек, 19 жастағы Игорь Исраилов 6 маусымда Бәйтерек ауданы Рубежинское ауылындағы үйінен шығып, оралмаған. Жігіт аутизммен ауырады. Игорьдің анасы 10 маусымда полицияға жүгінген. 

Бір аптадан кейін жігітті Теректі ауданының полицейлері тапты. Ол сол аудандағы шаруа қожалықтарының бірінде болған. Шаруашылық басшысы Игорьдің өзі келіп, жұмысқа қабылдауды сұрағанын айтты.

Қазір жігіттің жағдайы жақсы, ол ата-анасының жанында.



Еске салайық, бұған дейін Ақтөбе облысында полицейлер жоғалып кеткен ерекше баланың мәйіті табылғанын жаздық. Жоғалғаны баланы іздеу жұмыстары 4 тәулікке жалғасқан еді. Осы уақытқа дейін құтқарушылар, кинологтар, полиция қызметкерлері, 20982, 6655 әскери бөлім, жергілікті тұрғындар және еріктілер  іздестіру жұмыстарын жүргізді.

Талқылау