Алматыда 25 жыл бұрын әскери бөлімнен шығып, жоғалып кеткен ер адам іздестіріліп жатыр
Алматыда 25 жыл бұрын жоғалып кеткен ер адамды туыстары іздеп жатыр. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: Volontery_almaty_lider.kz Instagram-парақша
45 жастағы Таубалдиев Бауыржан Алмаханұлы 1999 жылы 7 тамызда, яғни 20 жасында жоғалып кеткен. Сол күні жігіт 9824 әскери бөлімінен шығып, хабарсыз кеткен. Кейін Алматы облысы, Іле ауданының Қошмамбет, Екпенді ауылдарынан байқалған екен.
Егер ер адамның қайда екені туралы ақпарат болса, мына телефондарға хабарласуыңызды сұраймыз: 8 701 868 78 68, 8 701 375 92 91.
Алматыда 7 жастағы баланы сарышаян шағып алған: Ауруханада оған қарсы вакцина табылмады
Алматы қаласында мектеп оқушысын сарышаян шағып алды.
Канье Уэсттің концертіне 280 мың теңгеге билет алған қазақстандық кейін арзан билеттердің пайда болғанына наразы
Freedom Афиша: "280 мың теңгенің бөлек баға санатына кіреді, ал 120 мың теңге – трибунадағы басқа жерде орналасқан орындардың баға санаты"