Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Батыс Қазақстан облысында қаржы пирамидасына қатысты тергеу басталды

Қаржы мониторингі агенттігі Батыс Қазақстан облысы бойынша аумақтық департаментінің қызметкерлері "GAP" (Global Asar Project) тұтыну кооперативіне қатысты тергеу жүргізіп жатыр, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

қаржылық пирамида

Сотқа дейінгі тергеу Қылмыстық кодекстің 217-бабы 1-бөлігі "Қаржы пирамидасын құру және басқару ісі" негізінде басталған.

Ұйымдастырушылар азаматтарға 10 пайыздық бастапқы жарнамен үй немесе көлік сатып алуды ұсынған. Халықтың ұйымға деген қызығушылығын олар осылай оятқан.

Агенттік мәліметінше, қаржы пирамидасы БҚО-да 2021 жылы құрылған. Бір қатысушылардың жарнасы есебінен екіншілері пайдаға кенеліп, 14 адамға 15 млн жуық залал келтірілген. 

Қаржы мониторингі агенттігі осындай пирамидаларға тартатын алаяқтардың арбауына түсіп қалмау үшін өте сақ болу қажеттігін кезекті мәрте қаперге береді.

Талқылау