Батыр Жүкембаев 19 нокауты бар украиналық боксшыны нокаутпен ұтты
Қазақстандық кәсіпқой боксшы Батыр Жүкембаев (22-1, 16 КО) шаршы алаңдағы жиырма үшінші жеңісіне қол жеткізді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Батыр Жүкембаев (22-1, 16 КО) 19 нокауты бар украиналық Иван Редкачқа қарсы жекпе-жек өткізіп, уақытынан бұрын жеңіске жетті. Жартылай орта салмақта жұдырықтасатын алғашқы раундтан бастап, қарсыласына шабуыл жасап, қарқынын үдетті. Нәтижесінде ауыр соққылар өткізген Редкачқа төреші жекпе-жекті жалғастыруға мүмкіндік бермей, уақытынан бұрын тоқтатуға мәжбүр болды. Осылайша АҚШ-тың Плант-Сити қаласында өткен бокс кешінің басты жекпе-жегінде жұдырықтасқан Жүкембаев өзіне тиеслі WBA Continental North Americas белбеуін сақтап қалды.
Айта кетейік, Жүкембаев үшін бұл – кәсіпқой мансабындағы жиырма үшінші жеңіс және WBA Continental North Americas белбеуін екінші рет сәтті қорғауы.
Қазақстанда күз келсе де күн неге жаздағыдай жылы: Cиноптиктер себебін айтты
Әлемдік климат тұрғысынан 2026 жылдың соңы мен 2027 жылдың алғашқы айлары маңызды кезең болмақ
Алматыдағы "Достық Плаза" маңынан түлкі байқалды: Зоолог мұның қалыпты жағдай екенін айтты
Зоолог Алексей Грачев түлкілер түрлі аурулардың, соның ішінде құтырудың тасымалдаушысы болуы мүмкін екенін де ескертеді

