Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Бастапқыда 2 млн астам доза қажет: Қазақстан Ресей вакцинасын сатып алуға келісім берді

Денсаулық сақтау министрінің көмекшісі Шортанов ресейлік вакцинаға қатысты жүргізілген келісім шарт жайында сөз қозғады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

"Ресейде жасалған Sputnik V коронавирустық инфекциясына қарсы вакцинаның Қазақстанға қажетті көлемін бөлуге кепілдік беретін өзара түсіністік туралы келісімге қол қойылды. Бірақ келісім бойынша бұл вакцинаны Қазақстанға кепілдендірілген көлемде табыстаудан басқа Ресей ешқандай кепілдік бермейтін боды",  - деп түсіндірді Шоранов үкіметтегі брифинг барысында. 

Ол сонымен қатар Ресей тарапы вакцина нарыққа 2021 жылдың қаңтарынан ерте ене алады деген ұстанымды білдіргенін, бірақ вакцинаның шығарылуының соңғы күндері және оның құны клиникалық сынақтардың барлық кезеңдерінен өткеннен кейін ғана анықталатынын баса айтты.


"Қазіргі кезеңде вакцинаның құны анықталған жоқ", - деді денсаулық сақтау министрінің орынбасары.

Вакциналардың санына келетін болсақ, Қазақстанда сатып алудың алдын-ала қажеттілігі анықталды - халықтың осал топтарын қорғау үшін 2 миллионнан астам доза қажет. Оған балалар, диспансерлік есепте тұрған ересектер, жүкті әйелдер, зейнеткерлер, денсаулық сақтау және білім беру қызметкерлері кіреді.

Талқылау