Қазақстанның денсаулық сақтау министрі Цой коронавирусқа қарсы вакцина салғызбақ

ҚР денсаулық сақтау министрі Алексей Цой коронавирусқа қарсы вакцина салуды жоспарлап отыр. Бұл туралы министрліктің ресми өкілі Бағдат Қожахметов мәлім етті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Алексей Цой

Қожахметов министрдің медициналық вакцинаны ақысыз алуға құқылы екенін жеткізген. 

"Бүгін мен Алексей Владимировичтен Мәскеуге ұшар алдында оның коронавирусқа қарсы вакцина ектіресіз бе, жоқ па деп сұрадым. Менің ойымша әлі де жарты жылдай уақыт күтуіміз керек екенін жеткіздім. Ол иә деді. Вакцина халықаралық сертификациядан өткеннен кейін министр екпені қабылдайды. Вакцинаны тегін алады, өйткені ол денсаулық сақтау жүйесінің қызметкері", - деді Қожахметов баспасөз мәслихатында.



Министрдің отбасы мүшелері немесе медицина қызметкерлерінің туыстары вакцинаны өз қаражатына сатып алатынын айтты ол. Қожахметов коронавирусқа қарсы тегін вакцина алуға құқығы бар адамдардың шекті жасын 60 жасқа дейін төмендету ұсынылып отырғанын айтты.

"Медицина қызметкерлері секілді 65 жастан асқан азаматтарға да қауіп төніп тұр. Олардың жалпы саны 200 мыңнан астам адамды құрайды. Шекті жасты 60-қа дейін төмендету мәселесі қаралуда. Тәуекел тобына жүрек-тамыр жүйесінің созылмалы аурулары бар адамдар кіреді. Белгілі бір созылмалы аурулары бар балалар, қант диабеті бар азаматтар да сол топқа жатады", - деп қосты ол.

Естеріңізге сала кетейік, Ресей әлемде бірінші болып COVID-19 вакцинасын тіркеді. Ресей президенті Владимир Путиннің бір қызына коронавирусқа қарсы екпе жасалды.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр