Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Басшылар шешеді": Арыстағы банк күзетшісі әлі күнге дейін жұмыс орнын тастамай отыр

24 маусымда Арыс қаласында орын алған жарылыстан кейін, қала тұрғындары көрші аудандар мен Шымкент қаласына түгелдей көшірілген болатын. Арыс қаласына кіріп-шығуға мүлде мүмкіндік те болмаған.

Дегенмен жоғары қауіп деңгейі сақталған мекенді тастағысы келмейтіндер де табылды. Осы уақыт аралығында "Халық банкі" бөлімшесіндегі күзетші қаладан ешқайда шықпаған. Бұл туралы өңірдегі Stan.kz тілшісі хабарлады.

Алғашқы жарылыста қаладағы 7600 тұрғын үйдің 85%-ның шатыры қирап, терезелері сынған. Банк бөлімшесіне де қатер төнген. Дегенмен жарылыстан кейін елдің көбі сыртқа қашса, күзетші жұмыс орнын босатпаған.

Журналистерге берген сұхбатында ол: "Біздің кету-кетпеуімізді басшылар шешеді. Cондықтан жұмысты тастап кетуге болмайды. Бізге өзіміздің айлығымыз жетеді. Өмірімізді қайтеміз енді, амал жоқ. Халықтың ақшасы бар. Оны қараусыз тастап кетуге болмайды", - деп ағынан жарылды. 

Қауіпті аймақ болса да, жұмысын тастап кете алмаған Пернехан Бекмырзаев банк бөлімшесінде ұзақ жылдан бері қызмет етеді. Жарылысқа байланысты қазір Арыста жарық жоқ. Күзетшінің айтуынша, қандай жағдай болса да, басшылық "қайт" демегенше, сол орнынан тапжылмайды, банкті күзете береді. 


"Жұмысты тастап кетуге болмайды": Қызметіне адал арыстық банк күзетшісі марапатталады
Талқылау
Пікір
Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР

"Онкологиялық аурулар тегін емделеді": Елімізде қатерлі ісікке шалдыққандарды шетелде емделуге үгіттейтін компаниялар анықталуда

Қайдарова: Қатерлі дерттен емделу үшін, шетелге барудың ешбір қажеті жоқ

Тоқаев елімізде пәтерді жалға беру нарығын реттеуді тапсырды

Президент: Тұрғын үй құрылысының өзіндік құнын жүйелі түрде төмендету керек

"Жанын алғандай қатты шыңғырды": Ақтөбеде келіншек жеке клинкада емделіп жатып көз жұмды

Жақындары марқұмның өліміне дәрігерлерді кінәлап отыр

"Орамал тақпаймын!": Оқушы қыз әкесінің хиджаб киіп, намаз оқуға мәжбүрлейтінін айтып араша сұрады

Оқушы қыз әкесінен қатты қорқып қалғандықтан, отбасын көргісі келмейтінін айтады

Тәрбиеші бүлдіршінді тұншықтырған: Қарағанды облысында сұмдық оқиға орын алған балабақша жабылды

Белгілі болғандай, балабақша заңсыз жұмыс істеген

"Беті бері қараған жоқ": Дәрігерлер күйеуі бензин құйып өртеп жіберген әйелдің жағдайы туралы

Дәрігер: Тірі қалуға мүмкіндігі бар деп айтуға әлі ерте

Алматыда көліктегі адамдарды ыстық судан құтқарған жүк көлігінің жүргізушісі марапатталды

Ер адам ерлік жасадым деп санамайды

"Құдай үшін қоқысты жинаңыздаршы": Маңғыстауда қыдырған америкалық туризмді дамытудың жолын айтты

Милос Пиервола: Ұлттық валюталарыңызда бейнеленген жерге бардым. Полигонда жүргендей болдым

Кәрістер мен қытайларға қызмет көрсеткен: Алматыдағы караоке-бар жезөкшелер ордасы болып шықты (видео)

Караоке-бардан 14 жеңіл жүрісті қыз бен оңтүстік кореялық азаматтар ұсталды

Ыстық су атқылады: Алматыда тағы да жылу желісі жарылды (видео)

«Алматы жылу желісіндегілер" оқиғаға қатысты пікір білдірді
Çàãðóçêà...