Бассейнде 11 баланың улануы: Алматы полициясы тергеу бастады
Полиция Алматы бассейнінде балалардың улануы бойынша тергеуді бастады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Полиция департаменті мәліметінше, бұл факт ҚР ҚК-ның 306-бабы "Қауіпсіздік талаптарына сәйкес келмейтін тауарларды шығару немесе сату, жұмыстарды орындау немесе қызметтер көрсету" бойынша соталды тергеудің бірыңғай тізіліміне тіркелген.
Қылмыстық істі Алмалы аудандық полиция бөлімі жүргізеді.
Бұған дейін Алматыда қалалық бассейндердің бірінде 11 бала хлор буымен уланғанын хабарлаған болатынбыз. Бассейн әкімшілігі суды тазартудың автоматтандырылған жүйесі жұмысында ақау болғанын айтты.
"Бассейн қызметкерлері бір апта бұрын суды хлорлаудың жаңа аппараты орнатылғанын жеткізді. Дәл осы аппарат кенеттен істен шығып, хлор бассейн суына ағып кеткен", – деп атап көрсетті санитарлар.
"Әйелдерге тән оюды ерлер пайдаланып жүр": Қазақстандық дизайнер жұлдыздардың ою-өрнекті орынсыз пайдаланып жүргенін сынға алды
Кез келген ою – оны жасаған адамның ішкі дүниесінің көрінісі
"Ешқандай адам өте алмайды": Шетелдіктер қазақ тілінен тапсыратын тесттің қиындығына шағымданды
Шетелдік: "Жарайсыңдар, сендер жеңдіңдер!"