Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Павлодарда бес жасар баладан COVID-19-дың "нигериялық" штаммы анықталды

Павлодар облысында бес жасар баладан коронавирустың нигериялық Eta штаммы табылды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Pavlodarnews.kz сайтына сілтеме жасап. 

Бұл туралы онлайн баспасөз жиынында облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Айдар Сейітқазинов мәлімдеді. 

"Павлодарда бір отбасындағы баладан сараптама алынды. Мұндай жағдайда таңдап бір адамнан сараптама алынады. 2016 жылы туған баладан коронавирустың нигериялық Eta штаммы анықталды. Ол отбасының барлық мүшесі бұл штаммен ауырып, жазылып шыққан", – деді Айдар Сейітқазинов.



Оның айтуынша, бұл жағдай тамыз айында болған. Қазір баланың жағдайы жақсы, отбасы мүшелері өздерін жақсы сезінеді.

"Ол кезде Алматыға 5 сараптама жіберілді. Оның біреуінен нигериялық штамм, үшеуінен Дельта штаммы анықталды", – деді басқарма басшысы. 

Айта кетсек,  21 қыркүйекте денсаулық сақтау министрі Алексей Цой Қазақстан аумағынан нигериялық Eta штаммы анықталғанын хабарлаған болатын. 

Талқылау