Алматыда бассейндердің бірінде 11 бала уланып қалды
Алматыда қалалық бассейндердің бірінде 11 бала хлор буымен уланды. Олар балалар шұғыл медициналық жәрдем орталығына жатқызылды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
"Он бір баланы жедел медициналық жәрдем бригадалары шұғыл медициналық жәрдем орталығына жеткізді. Олар тамақтың жыбырлауы, түшкіру сияқты шағымдар айтқан. Балалар бассейнде жаттығу кезінде хлор буымен уланған. Жастары – 12-14 жас аралығын құрайды", – деп нақтылады Алматы қалалық денсаулық сақтау басқармасында.
Ведомствода барлық балалардың жағдайы тұрақты екенін, бейінді бөлімшеге жатқызылғанын айтты.
Алмалы ауданының санитарлық дәрігерлері аталған факті бойынша тергеу жүргізуде. Толығырақ қосымша хабарланатын болады.
Қазақстандық әйел жалға алушыны пәтерінен шығара алмай, сотқа берген: Алайда сот қараудан бас тартты
Пәтер иесі: "Жалдау шартын бұзылған деп тану және жалға алушыны пәтерден шығаруды міндеттеу талабым "кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі сотқа жүгіну керек" деген негізбен бас тартылды"
Ерболат Жанәбілов пен Эльмира Төлегенова ажырасса, сот үкімі өзгере ме? Адвокат жауап берді
Түпкілікті шешімді кейінге қалдыру мерзімі аяқталған соң сот қабылдайды
