Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанның төрт өңірінен коронавирустың жаңа Eta штаммы табылды

Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой Қазақстан аумағынан нигериялық "Eta" штаммы анықталғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

коронавирус

Министр өзінің Facebook парақшасында денсаулық сақтау министрлігі ағымдағы жылдың шілде-тамыз айларында КВИ науқастарынан алынған оң зертханалық үлгілерді секвенирлеу әдісімен коронавирустық инфекцияға генетикалық зерттеу жүргізгенін айтты. 

"Секвенирлеу қорытындысы бойынша Қазақстанда 96 үлгіде штаммдар айналымы белгілі болды. Delta "үнді штамы" – 57 (59,4%), Alpha "британдық" – 24 (25%), "Ухань" коронавирусы – 10 (10,4%) және eta "Нигерия" – 5 (5,2%). Eta "Нигерия" штамы 4 өңірде табылды. Олар Қарағанды – 1, Маңғыстау – 2, Павлодар – 1, Нұр-Сұлтан – 1", – деп жазды ол. 

"Eta" штаммының пайда болуы 2020 жылдың желтоқсанында белгілі болды. Аурудың алғашқы жағдайлары Нигерия мен Ұлыбританияда анықталды. 



Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының 2021 жылғы 15 қыркүйектегі ақпараты бойынша "Eta" штамы әлемнің 77 елінде табылған. ДДҰ санаты бойынша "бақылауды" талап ететін штаммдардың қатарына жатады.

Жаңа штаммтың клиникалық белгілері Alpha және Beta штаммдарыдағыдай: дене қызуы, жөтел, иіс пен дәм жоғалту, аурудың ауыр өтуі және т.б.

"Осыған байланысты денсаулық сақтау министрлігі әрбір қазақстандықты өз денсаулығына, жақындары мен туыстарының денсаулығына қамқорлықпен қарауға шақырады. Инфекциядан қорғанудың және ауруханаға жатпаудың жалғыз тиімді әдісі – COVID-19-ға қарсы вакцинация. Сондай-ақ, вирустың таралу қаупін азайту үшін маска киіп, әлеуметтік қашықтықты сақтап, қол гигиенасы, үй-жайларды желдетіп вирустың барлық алдын-алу шараларын сақтау қажет”, – дейді министр. 

Талқылау