"Басқа елде өздері тікпей ме?": Дариға Бадықова өнімдерін қымбатқа сататын отандық өндірушілерге шүйлікті
Дариға Бадықова өнімдерін қымбатқа сататын отандық өндірушілерге шүйлікті. Актриса қазақстандық дизайнер мен тігіншілердің қолынан шыққан киімдердің қарапайым халыққа қолжетімсіз екенін айтты. Ол әлемге танылатындай бренд шығару үшін алдымен өз еліңе танылу керек, деген пікірін жеткізді, деп жазады Stan.kz ақпарат агенттігі.
"Мысалы өзіміздің отандық өнімдердің бәрі қымбат. Отандық өнімді жарнамалаңызшы, дейді. Баға деген айда тұрады. Қымбат қой десең, өзіміз тігеміз, дейді.⠀Басқа елде өздері тікпей ме екен деймін..⠀
Сол отандық өнімді өзімізде көбісі кие алмайды, себебі қымбат. Ақша салатын кәшәлөктің өзі жиырма мыңнан басталады.⠀Бұл, таза былғары ғой, сосын осындай, дейді.⠀Басқа жақта да былғары..⠀
Енді тез көтерілу үшін, әлемге бренд етіп таныту үшін, өз еліңнің ішінде арзанға қойсайшы деймін.⠀Әуелі өз елің танымайды сенің дүкеніңді. Аяқ киімдерді айтпасам да түсінікті.⠀Германияда жүргенде сол немістер шығаратын іші-сырты былғары етікті 10 000 теңгеге алдым. Әлі тұр. Олар да өздері тігеді. Енді олар мықты ғой деген, тағы сылтау айтады қаныңды ішіп.⠀
Зайырлы ел туралы айтсаң, олар мықты ғой деп өзіміздің жете алмайтынымызды мойындап тастаймыз ғой.⠀Бізде кез-келген нәрсеге сылтау бар. Талпыну, иә тегі деген атауымен жоқ.
Бірақ ешкімді менсінбейміз. Көкірекке нан пісіп кеткен. Көкіректі ашсаң қуыс кеуде. Бұтын шешсең жыртық түрси дегендей.
Тағы бір басты мәселе. Үйге ремонт жасататын болсаң, үй салдыратын болсаң, өзіміздікілер бағаны еселеп айтады. Еркек бастарымен етектері жасқа толады, өз елінде жүріп. "Жылағанның көзін тырналғанша жылатам" дейді.
"Ой анау-мынау, тамақ алу керек, тамақ істеу керек, сол жерге жату керек, күнделікті келіп-кету бар, төсек, көрпе-жастық, қызымды садикке апару керек, аяғы әйлімнің жанына қонуым керек" дегенмен бітеді.
Ақшасымен келісесің, одан кейін ойбой істегендері міндет, тегінге істетіп жүргендей боласың. Мына жер болу керек еді десең, "тәте енді олай-бұлай" деп тағы сылтау айтады.
Ал шетелден өзбектер келсе дым әурелемейді.⠀Ақшасын біз жылап жүріп келісеміз.⠀
Тамақ жағы басқа жағы қалай болады деп сұрасаң: "ханым, уайымдамаңыз, бәрін өзіміз әкелеміз, бәрі бар" дейді.⠀Бір қап күрішпен келіп, жұмысты қырып-жойып кетеді.⠀Уайымдамайсың әуелі.⠀Таршылықты ниетімізден көріп жатқан жоқпыз ба?
Неге бұлаймыз?" - деп жазба қалдырды Бадықова желідегі парақшасында.