"Басымнан бір ұрды": Меруерт Түсіпбаева анасынан таяқ жеген күнін еске алды
Меруерт Түсіпбаева анасынан алғаш және соңғы рет таяқ жеген күнін еске алды. Айтуынша, анасы оны ұстазға құрмет көрсетпегені үшін жазалаған. Бұл туралы Түсіпбаева "Таңшолпан" бағдарламасында айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

"13-14 жаста математика пәнінен кезінде анама сабақ берген Қабдолла Қалиұлы деген ұстаз сыныпқа кіргенде тұрмай қойдық. Қыздар алдын ала келісіп алғанбыз. Ол үлкен дауға айналып, анам келді. Басымнан бір ұрды. Анам өмірінде ең бірінші рет, бәлкім, ең соңғы рет қол көтерді. Мектеп уақытында сондай стресс алып, өмір бойы есімде қалды", – дейді Түсіпбаева.
Болған оқиғадан кейін әнші бұл қылығын екінші рет қайталамаған.
Астанада ойын орталығында 4 жасар бала тоқ соғып жарақат алды: Анасы орталықты тексеруді талап етті
Күтуші балаларды тоқтатпаған және бұлай ойнауға болмайтынын түсіндірмеген
Қазақстандық әйел қызының балмұздақ жегеннен кейін жансақтау бөліміне түскенін айтты
Анасы: "Инфекция баламның бүйрегін зақымдап жатыр"